Жұмыс өтілі бар тұлғаларға арналған 7М10104 – «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік магистратураға қабылдау
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жұмыс өтілі бар тұлғаларға арналған 7М10104 – «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік магистратураға қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Бағдарлама жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған.
Төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғалар:
- саяси, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің немесе тиісті салалардың азаматтық қызметшілерінің лауазымдар тізіліміне сәйкес басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар;
- немесе бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша бейініне сәйкес кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, университет комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады (әңгімелесуге дайындалуға арналған сұрақтар университеттің kaznmu.edu.kz сайтында жарияланған).
Негізгі мерзімдер мен шарттар:
- Құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 10 шілде – 10 тамыз.
- Әңгімелесу өткізу кезеңі: 2026 жылғы 13–18 тамыз.
- Оқу мерзімі: 1 жыл.
- Оқу құны: оқудың толық кезеңіне 600 000 теңге.
- Төлем тәртібі: Оқуға қабылданғанға дейін оқу ақысының кемінде 50%-ын (300 000 теңге) төлеу қажет, қалған бөлігі шартқа сәйкес төленеді.
Оқуға түсу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:
- Басқарма Төрағасы – Ректордың атына өтініш.
- Жоғары білім туралы құжат және дипломға қосымша (түпнұсқасы және көшірмесі).
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Өлшемі 3×4 см алты фотосурет.
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама және флюорография.
Еңбек қызметін растайтын құжат (төменде көрсетілген құжаттардың біреуі):
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- жұмыс беруші қол қойған және ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталған қызметтік тізімнің (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) көшірмесі;
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың көшірмесі;
- жұмыс берушінің еңбек шартының тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі қойылған еңбек шартының көшірмесі;
- еңбек шартының жасалуы мен тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзіндінің көшірмесі;
- қызметкерлерге еңбекақы төлеу ведомосынан үзіндінің көшірмесі.
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі (болған жағдайда).
Қабылдау комиссиясының байланыс ақпараты
Мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151
Телефон: 8 (727) 338-70-27 (ішкі нөмірлері: 7071, 7350).


