Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Жалпы медицина мектебінің 558 түлегіне диплом табысталды
Салтанатты диплом табыстау рәсімі бесінші курс студенттеріне арналды. Олардың ішінде 10 түлек оқуын үздік аяқтап, үздік диплом иегері атанды.
Түлектердің алдағы кәсіби жолы өз таңдауларына байланысты өрбиді. Бірі хирургия, терапия, педиатрия және басқа да бағыттар бойынша тар бейінді мамандық игеру үшін резидентурада оқуын жалғастырса, енді бірі еңбек жолын бірден бастап, еліміздің түкпір-түкпіріндегі емханаларға, ауруханаларға және басқа да медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасады.
ҚазҰМУ-дің Жалпы медицина мектебінің түлектері денсаулық сақтау жүйесінде дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие. Еліміздің барлық өңірлерінде учаскелік терапевтерге, жедел жәрдем дәрігерлеріне және тар бейінді мамандарға деген қажеттілік сақталып отыр. Жалпы алғанда, ҚазҰМУ түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 99 пайыздан асады.













































