Бірінші курс білім алушысының гиді: ережеден – жетістікке
Университеттегі алғашқы күндер — жаңа ортаға бейімделу, жаңа достар табу және болашақ мамандыққа алғашқы қадам жасау кезеңі.
2026ж. 16 қыркүйек күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фундаменталдық пәндер департаменті 1 курс білім алушыларымен «Бірінші курс білім алушысының гиді: ережеден – жетістікке» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің модераторы — Медицина мектебі деканының м. а. Измайлова С.Х.
Кездесу барысында білім алушылар университеттегі оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті маңызды ақпараттармен танысты.
Кездесуде департамент директорының орынбасары Тагирова Р.Т.:
- ҚазҰМУ-дың Академиялық саясаты және оқу процесін ұйымдастыру тәртібі;
- академиялық адалдық қағидаттары және білім алушының жауапкершілігі;
- білімді бағалау және бақылау жүйесі;
- ішкі тәртіп ережелері мен сабаққа қатысу талаптары;
- 1 курсқа арналған оқу жоспары және академиялық күнтізбе;
- курстан курсқа ауысу талаптары;
- мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу тәртібі;
- өндірістік практикадан өту тәртібі;
- сабақ босатылған жағдайда орындалуы тиіс талаптар;
- оқу және ұйымдастырушылық ақпаратты қайдан алуға болатындығы жөнінде түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының бас маманы Мукушева Ж.О. әскери есеп бойынша, Әскери кафедраның аға оқытушысы Абилов Д.А. білім алушылардың әскери борышы туралы, ал Ішкі бақылау басқармасының өкілдері алаяқтықтың алдын алу, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында білім алушылардың университеттегі алғашқы әсерлері мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында бірқатар сауалнамалар жүргізілді. Атап айтқанда:
«Менің ҚазҰМУ туралы алғашқы әсерлерім»;
«Менің таланттарым мен қызығушылықтарым»;
«Менің жатақхана туралы алғашқы әсерлерім» сауалнамалары ұйымдастырылды.
Сауалнамалар білім алушылардың алғашқы әсерлері мен қажеттіліктерін зерделеуге, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға, сондай-ақ университеттік ортаға бейімделу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Кездесудің басты мақсаты — білім алушыларға университет өміріне тез бейімделуге көмектесу, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және алғашқы күннен бастап оқу процесіне жауапкершілікпен қарауға бағыт беру.







