Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аймақтарда түсіндірілуде
Өңірлерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру басталды. Құрамында денсаулық сақтау саласының алдыңғы қатарлы мамандары бар мобильді топтар бұл жүйенің тиімділігін әуелі өз әріптестеріне түсіндіруде. Дәл осындай шара Талдықорған өңірінде өтті. Мұнда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы семинар кеңесте айтылды. Жаңа жылдан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлей бастайды. Кей санаттағы азаматтар босатылады. Өңірлердегі медициналық қызметкерлермен кездесу – ақпараттық топтың алғашқы жұмысы. Одан соң медициналық сақтандыруды енгізу кезеңдері мен оның ұтымды тұстары туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерге түсіндіреді. Құралбай Құрақбаев, С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ кафедра меңгерушісі -Әр адамның денсаулығына деген жауапкершілігі арта бастайды. Яғни жаңа тетіктер пайда болады деген сөз. Соның арқасында біз халықтың денсаулығын көтерудің жаңа бір құралдарын пайдаланып, іске асыра бастаймыз. Енді Үкімет тарпынан мына жүйе жағынан халыққа сапалы медициналық қызмет алуға түгелдей жағдай жасалынады.