С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті БСҚА-ның ұлттық рейтингісінде №1
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) ұлттық рейтингісіне сәйкес, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті медицина кадрларын даярлауда көшбасшы атанып, Қазақстандағы медициналық ЖОО арасында 1-ші орын иеленді.
Сонымен қатар, рейтингте ҚазҰМУ-дың бес білім беру бағдарламасы 1-ші орын алды.
1-ші орын иеленген білім беру бағдарламалары:
5В110300 – Фармация
5В110100 – Мейірбике ісі
5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
5В130100 – Жалпы медицина
5В130200 – Стоматология
Сондай-ақ, рейтингте ҚазҰМУ-дың магистратура бойынша төрт білім беру бағдарламасы 1-ші орын иеленді.
1-ші орын иеленген білім беру бағдарламалары:
6М110100 – Медицина
6М110400 – Фармация
6М110300 – Мейірбике ісі
6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
Біз ректордың м.а. Хамзина Нұргүл Қалиқызын, университет әкімшілігі мен ұжымын, студенттерді ортақ жетістіктерімен құттықтаймыз.
Біздің мақтанышымыз мол!
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі