С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» туралы Ережесі бекітілді
ҚазҰМУ-дың Ғылыми Кеңесінде тәрбие, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор Р.Т. Жұмашеваның ұсынысымен университеттің «Алтын қоры» туралы Ережесі бекітілді. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағы тұлғалардың білім мен ғылымды дамытудағы айтарлықтай үлесі үшін, университеттің қоғамдық және әкімшілік жұмысындағы жемісті еңбегі үшін, өзінің қызметімен университеттің беделінің дамуына себепкер болғаны үшін, денсаулық сақтау саласындағы кадрлар дайындау жұмысында сіңірген еңбегі үшін және де аталмыш тұлғалардың еңбегін мойындау және алғыс білдіру мақсатында беріледі.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағын берудің тәртібі.
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағы Университетте 25 жылдан кем емес еңбек өтілі бар қызметкерге беріледі.
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағын беруді ұйғару құқысы экс-министрлерге, экс-ректорларға, ҚР ҰҒА академиктеріне беріледі.
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағы Университетте қызметін тоқтатқаннан кейін өмір бойына беріледі.
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағын беру үшін факультет деканы Ғылыми Кеңес қарауына өтініш береді.
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағын беру туралы шешім көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы Университеттік Кеңесте қабылданады.
- Қызметкерге С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағы Университеттік Кеңестің шешімі негізінде Университет ректорының бұйрығымен беріледі.
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын қоры» атағы берілген қызметкерге ай сайын 8 МЕАМ (минималды еңбекақы мөлшерінде) дейін ақшалай сыйақы төленеді.
- Университет форс-мажор жағдайларда біржақты тәртіпте ақшалай қаражатты төлеуді тоқтата тұруға құқығы бар.