IT мамандары медицинаға қалай көмектеседі – еліміздің жетекші нейрохирургі айтып берді
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қазақстандық медицинаның үздік өкілдерімен мотивациялық кездесулерді жалғастыруда. Бұл жолы студенттердің барлық сұрақтарына Алматы және ҚР үздік нейрохирургтарының бірі, медицина ғылымдарының докторы, ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі, №7 ҚКА нейроонкология бөлімінің штаттан тыс бас нейрохирургі, профессор Ермек Дүйсембеков жауап берді.
Нейрохирург қазақстандық нейрохирургияның жетістіктері, ауруханалардың бейінді бөлімшелерінің жұмысы және ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасында оқу үдерісі туралы толық айтып берді.
Ермек Дүйсембековтің айтуына қарағанда, нейрохирургия саласында жаңа технологиялар белсенді енгізілуде. Сондықтан жақында дәрігерлер IT технологиясының мамандарымен, атап айтсақ 3D баспа шеберлерімен ынтымақтастық орнатқан, олар үшін нейрохирургтер бас сүйегінің алынған бөліктерінің орнына имплантациялайтын бірегей пластикалық импланттарды әзірлеуді ұсынды.
Омыртқа нейрохирургиясы қазір жаңа технологиялармен дамыған. Міне, мына суретке қарасаңыз сынған омыртқалар, оның орнына арнайы бұранда бұралған және омыртқаны ұстап тұратын титан құрылымы бар.
«Өздеріңіз білгендей, бас сүйек-ми жарақаттары өте кең таралған. Әсіресе, кейбір тәртіпсіздіктер, соғыс немесе көше тәртіпсіздіктері барысында жиі кездеседі және ми жарақаттары айқындалады. Қазір біз жарақаттан кейін трепанация өте үлкен болған кезде бас сүйегінің пластикалық жабуға қызығушылық таныта бастадық. Бұл тесікті білдірмей жабуға арналған 3D импланттарының осындай әдісі бар. Біздің алматылық IT мамандары бізге келіп, көмектерін ұсынды. Жас мамандар: «Біз сіздерге 3Д импланттар жасайық деп, кейін нәтижесі науқастардың өздеріне де ұнады», — деді Ермек Дүйсембеков.
Нейрохирург жаңа импланттар жұмыс барысында, сонымен қатар омыртқа операцияларына енгізіліп жатқанын алға тартты. Титан импланттары омыртқаларды алмастырып жатыр.