«Medtech & iHealth саласындағы стартап кәсіпкерлік» бизнес-сессия
Баспасөз хабарламасы
9 қарашада «Medtech & iHealth саласындағы стартап кәсіпкерлік» бизнес-сессиясы өтеді. Іс-шара медициналық технологиялар мен денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерліктің негізгі аспектілерін қарастырып, стартап жобаларына назар аударады.
Іс-шараның спикері тәжірибелі кәсіпкер және MedTech және iHealth саласында көп жылдық тәжірибесі бар ғалым Сейітжан Сыпабеков.
Іс-шара келесі маңызды аспектілері:
- Медициналық технологияларда стартап жобаларын құру және дамыту.
- Медициналық стартаптарды қаржыландыру.
- Ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудағы инновациялық АТ шешімдерінің процестері мен құралдары.
- Медициналық технологиялар индустриясындағы ағымдағы үрдістер мен қиындықтарды егжей-тегжейлі қарастыру.
Бұл бизнес-сессияның негізгі мақсаты – қатысушыларға диагностикалау, емдеу және алдын алу саласында инновациялық шешімдер жасауда олардың стартап-идеяларын сәтті жүзеге асыру үшін құрылымдық тәсілдер мен түсініктерді беру.
Өткізілетін күні: 9 қараша, 2023 ж.
Орны: С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректораты, 2 қабат, «Даңқ залы».
Уақыты: 14:00-17:30.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың медициналық технологиялар саласында стартап идеялары мен жобалары бар барлық студенттерді, сондай-ақ ғылыми сала өкілдерін осы қызықты және нәтижелі шараға қатысуға шақырамыз.
Тіркелу үшін:
8 701 801 68 00 (WhatsApp), [email protected]
Бағдарлама
№ | Атауы | Уақыты |
1 | Кіріспе, тестілеу | 14:00-14:30 |
2 | Стартап дегеніміз не? HealthCare стартап құрылымы | 14:30-16:00
|
3 | Кофе-брейк | 16:00-16:15 |
4 | Жобалар бойынша топтастыру | 16:15-17:15 |
5 | Жүлделерді табыстау | 17:15-17:30 |