SCOME Camp-2024. Қазақ ұлттық медицина университетіне 20 елдің болашақ дәрігерлері тренингтерге, шеберлік сабақтарына, олимпиадалар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысу үшін жиналды
Қазақ ұлттық медицина университетінде болашақ дәрігерлердің халықаралық форумы – SCOME Camp-2024 салтанатты түрде ашылды. Бұл күндері Қазақстанның жетекші медициналық университетінде әлемнің 20 елінің медициналық жоғары оқу орындарының студенттері бас қосты. Жалпы форумға 260-тан астам болашақ медицина мамандары қатысуда. Форум медициналық білім берудегі жаңа трендтер мен стратегияларды, яғни цифрлық дәуірде медициналық білім беруді дамытуды, оның ішінде ғылымды, тәжірибені және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне біріктіруді талқылауға арналған платформа болып табылады. Сонымен қатар, форум аясында әртүрлі медицина салаларындағы теория, десмургия, жедел жәрдем және хирургияны қамтитын олимпиада өткізіледі.
Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері екінші ауқымды іс-шара – Sub-Regional Training – KazMSA Camp» қатысады, бұл болашақ дәрігерлерге TMET, AMET, TNT және PRET сынды халықаралық тренингтер мен семинарларға қатысуға бірегей мүмкіндік береді. Қатысушылар сонымен қатар «Activity fair» жәрмеңкесінде өздерінің инновациялық жобаларын көрсетіп, жүлделі орындар үшін күреседі.
Сондай-ақ медициналық білім берудің әртүрлі аспектілеріне арналған көптеген сессиялар болады, мәселен Сыртқы ынтымақтастық, ДДҰ Алматы декларациясына 45 жыл, Медицинадағы жасанды интеллект, Медицинадағы деректер туралы ғылым, Ғылыми жұмыс жазуда жасанды интеллекті қолдану, Хирургиялық дағдылар, Нейрохирургия, Коучинг сессиялары, магистратура, резидантура бойынша халықаралық сессиялар.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстандық Медициналық Жастар Ұйымы (KazMSA). Форумның бірінші күнінде панельдік пікірталастар, шақырылған спикерлердің сөз сөйлеуі, медицина факультетінің студенттерімен коучингтік сұхбаттар және олимпиаданың теориялық бөлімі өтіп үлгерді.
ҚазҰМУ-дағы ауқымды халықаралық іс-шаралар қатысушыларға білім, тәжірибе және идеялармен алмасудың бірегей мүмкіндігін беруге арналған, сондай-ақ медициналық білім берудің тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ілгерілеуі мен сапасын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болады.