«The Best Online Ambassadors of ALMATY» SMM жобасы байқауы
«The Best Online Ambassadors of ALMATY» SMM жобасы байқауы Алматы қ. (оның ішінде Алматы облысы) брендін (city branding) әлеуметтік желілерде көрсетуге бағытталған. Байқауға қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. Командадағы қатысушылар саны 3 адамға дейін. Байқауға қатысуға өтініштерді қабылдау 2019 жылдың 10 наурызына дейін жүргізіледі.
Байқау шеңберінде қатысушылар Алматы қ. брендін дамыту бойынша таңдалған концептке сәйкес зерттелген нысандардың кез-келгенінде фотосуреттер немесе бейнелер портфолиосын жасай отырып көрсетуге SMM стратегиясын әзірлеуі керек. Байқау жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен алдыңғы қатарлы компанияларда тағылымдама қарастырылған.
Тіркелу және анығырақ citybranding.narxoz.kz сайтынан білуге болады.