«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ
Құрметті әріптестер!
9 қаңтардан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
2023 жылы құжаттарды қабылдау төрт кезең бойынша жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңі 2023 жылдың 27 қаңтарына дейін жалғасады.
Екінші кезең – 2023 жылдың 3 сәуірінен 28 сәуіріне дейін/
Үшінші кезең – 2023 жылғы 5 маусым мен 7 шілде аралығында.
Төртінші кезең – 2023 жылғы 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.
Конкурстық іріктеу 2023 жылдың 20 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында өтеді.
Өтініштер мемлекеттік қызметтер порталы – Egov.kz арқылы қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» квотасының санаты бекітілді.
Медицина қызметкерлеріне жеңілдікті санат енгізілді. Квота санаттары бойынша үміткерлер тегін тілдік оқудан өте алады және құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік ЖОО-на өз бетінше түсуге міндетті емес. Олар бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған университеттер тізімінен шәкіртақы тағайындалғаннан кейін оқу орнын таңдай алады.
Толық ақпарат сілтемеде https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/startoval-priem-dokumentov-dlya-prisuzhdeniya-mezhdunarodnoj-stipendii-bolashak1