Визитинг профессор Армен Гаспарянның ашық дәрісі
Жұма күні, 2023 жылдың 24 қарашасында сағат 9.00-де ҚазҰМУ-дың профессор Ю атындағы аудиториясында (7 оқу ғимараты) визитинг-профессор Армен Гаспарянның «Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулердің дәлелді тәсілдері» тақырыбында ашық дәрісі өтеді.
Профессор Гаспарян А.Ю. оқу бағдарламасын 2023 жылғы қарашаның 20-сы мен желтоқсанның 2-сі аралығында «Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті» кафедрасында өткізуде.
Армен Юрьевич Гаспарян – медицина ғылымының докторы, доцент, Бирмингем университетінің оқу орталығының ғылым және даму бөлімінің ғылыми қызметкері (Дадли, Ұлыбритания). Reumatology International (Springer)журналы редакторының орынбасары, Korean Medical Science журналының бөлім редакторы.
Профессор ғылыми зерттеулермен 1994 жылдан бастап айналысуда. 2007 жылдан бастап Ұлыбританияның Бирмингем университетінің Оқу орталығында ғылыми жұмыстарды атқарып, ғылыми әдістеме бойынша дәрістер оқып келеді. 2009 жылдан – Еуропалық ғылыми редакторлар қауымдастығы (EASE) президиумының мүшесі, 2010 жылдан – Еуропалық ғылыми редакцияның бас редакторы. Ғылыми редакциялау және ғылыми коммуникация дағдылары бойынша көптеген мақалалардың авторы.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қабырғасында профессор А.Гаспарян бірнеше рет семинар-тренингтер өткізді.
Осы оқыту бағдарламасы аясында жас ғалымдардың жеке ғылыми мақалаларын ресімдеу бойынша мазмұнды кеңестер беріледі. Кафедра қызметкерлерімен халықаралық рецензияланған журналдарда бірлескен жарияланымдарды жоспарланған.