Гранада университетінде тағылымдамадан өту конкурсы жарияланды
ҚазҰМУ қызметкерлер назарына!
Гранада университетінде 5 күндік тағылымдамадан өту конкурсы жарияланды,
Испания
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Медициналық білім басқармасы Erasmus+.KA1. бағдарламасы бойынша әріптес University of Granada, Испания университетінде тәжірибеден өту туралы гранттық байқаудың басталуын хабарлайды.
Конкурстық іріктеудің жеңімпазы Erasmus + Staff Training Mobility бағдарламасы бойынша 5 күндік 02.07 – 06.07.2018ж. мерзіммен Гранада университетінде тегін тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Тілі – ағылшын тілі.
Конкурстық іріктеудің жеңімпазы әуе билетін өзі сатып алуы керек, 820 Евроға дейінгі ұшу құны University of Granada университетіне келген кезде қайтарылады.
Бағыты:
– Әкімшілік қызметкерлер
Талапкерлерге қойылатын талаптар:
– ағылшын тілін білу (intermediate деңгейінен төмен емес) (сертификат, бар болса)
-паспорт
– сауалнама нысанын толтыру (соңғы мерзім:19.06.2018, 23:59)
Сілтеме бойынша жүріңіз
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тек 1 үміткер іріктеледі.
Конкурстық құжаттама
Тағылымдамадан өту үшін гранттық байқауына қатысу үшін барлық үміткерлер келесі құжаттарды тапсырулары керек:
– Ағылшын тілін білу туралы сертификат (егер бар болса)
– Талапкер сауалнамасы
– Шетелдік паспортының көшірмесі
[email protected] электрондық почтасына
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 19.06.2018,23.59
Барлық сұрақтар жазбаша түрде жіберу [email protected]