«Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін психометриялық тестілеуге онлайн тіркелу 5 шілдеге дейін жалғасуда. Емтихан 7, 8, 11 шілдеде ҚазҰМУ тестілеу орталығында өтеді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін психометриялық тестілеуге онлайн тіркелу 5 шілдеге дейін жалғасуда. Емтихан 7, 8, 11 шілдеде ҚазҰМУ тестілеу орталығында өтеді.
Тіркелу сілтемесі және психометриялық емтихан кестесі университет сайтында «Талапкерлер» қойындысында – «Арнаулы емтихан–Психометриялық емтихан».
Естеріңізге саламыз,
– психометриялық емтихан кез келген медициналық университетте 1 рет тапсырылады.
– грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін емтиханды 13 шілдеге дейін тапсыру қажет;
– ЖОО-ға ақылы оқуға қабылдау үшін – 20 тамызға дейін тапсыру қажет.
Психометриялық емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнаулы емтихан тапсыру ОРНЫНА ҚАРАМАСТАН ЖОО-ға ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8-727-338-70-27 (ішкі 70-71, 7350), 8-727-338-70-90 (ішкі 70-73)
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/жалпы-медицина-стоматология-пе/