Жастар денсаулық сақтаудың болашағын айқындайды – Ханс Клюге
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның студент жастарына үндеу жолдады. Ол «Денсаулық сақтау жүйелеріміздің болашағы: медициналық-санитарлық алғашқы көмектің беделі, мотивациясы, құзыреттері» тақырыбында кездесуде студенттердің әлеуеті туралы өз ойымен бөлісті.
«Сіздер қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің болашағын айқындайсыздар. Әлем өте жылдам өзгеруде. Сондықтан жастармен қарым-қатынас жасау маңызды. Бұл қауіпсіз және әділ қоғам үшін өте елеулі. Сіздерде қоғамның әл-ауқаты мен денсаулығын жақсартуға ұмтылу әлеуеті бар. Бірақ бұл әлеует жастардың үні естіліп, олардың амбициясы қолдау табатын партисипативтік көшбасшылық арқылы ғана іске асырылуы мүмкін. Сондықтан ДДҰ жастармен қарыс-қатынасты қолдайды», – деді ол.
Сондай-ақ, Ханс Клюге ДДҰ мен Қазақстанның әріптестігінің бірегейлігін атап өтті. Ол МСАК денсаулық сақтаудың тең жүйесінің негізі ретінде ілгерілетуге бағытталған.
«МСАК неге маңызы зор? Бұл көптеген елдер ұмтылатын денсаулық мақсаттарына жетудің негізі. Халықтың денсаулығын жақсарту, медицинаға әмбебап қол жеткізуге және медициналық көмекке қол жетімділіктің теңсіздігін төмендету.
Пандемия физикалық психикалық денсаулық пен әлеуметтік мәселелердің бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Мультидисциплинарлық тәсіл адамдардың медициналық ғана емес, психоәлеуметтік проблемаларын да шешуге көмектеседі. Мен пандемияның адамдардың психикалық денсаулығына әсеріне қатты алаңдаймын. Пандемияға дейін суицид жастар арасындағы өлім саны бойынша төртінші орында болған. Пандемия басталғаннан кейін бұл төмен және орташа табысты елдердегі жастар арасындағы өлімнің бірінші себебі, ал табысы жоғары елдердегі екінші себеп болды. Психикалық денсаулық дұрысталмай, физикалық денсаулық болмайды.
Менің әкем Бельгияда дәрігер болған. Ол маған әрдайым: науқас келгенде, оның дертіне емес, алдымен науқасқа назар аудар. Толық жағдайды анықтау үшін уақыт бөліп, сұрақтар қой. Мен осы трансформацияның Қазақстан пионері болғанына өте қуаныштымын. Қазақстан әлемдік және жаһандық көшбасшы. Ертең Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің қолдауымен біз ДДҰ жаңа бастамасын – Алматы облысында ДДҰ МСАК көрсету платформасын іске қосамыз», – деді ол.
ДДҰ өкілінің айтуынша, бұл платформаға алдағы 4 жылда 20 елдің делегациялары келеді және ол МСАК жүйесінің шынымен қалай жұмыс істейтінін көрсетеді.
«Біз аурудың негізгі себептерін жоюға бағытталған жаңа тұтас, көп салалы, желілік модельге көшудеміз. Бұл модельдерді енгізу инновацияны, жаңа лепті және көшбасшылықты қажет етеді. Бұл жастардың қолында. Жастар бағытының өзгерістер енгізу үшін ұстанымы айқын. Жастардың жаңа көзқарасы топтық жұмыс пен кең клиникалық емес дағдыларға негізделген жаңа тәсілдердің арқасында ауруға бағытталған тік ойлаудан көшуде шешуші рөл атқара алады», – деп қорытындылады Ханс Клюге.