«Кітап оқитын ұлт» ҚазҰМУ-да: Халел Досмұхамедов мұрасымен танысу
2026 жылғы 28 қазанда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Ғылыми кітапханасының оқу залында «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында «Халел Досмұхамедов мұрасы: денсаулық, білім, ағартушылық» тақырыбында іс-шара өтті.
Кездесуді Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға МПД, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина және фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламаларының студенттері, профессорлық-оқытушылық құрам және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кездесудің мақсаты — студенттерді Халел Досмұхамедовтің ғылыми және ағартушылық мұрасымен таныстыру, оның адам денсаулығына, гигиенаға және білім беруге арналған еңбектерін оқуға және талқылауға қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шараны ҚазҰМУ-дың Білім алушыларды дамыту және қолдау департаментінің басшысы Шермет Шерзат Розметұлы ашып, кездесудің мақсаты мен оның «Кітап оқитын ұлт» бастамасымен байланысын таныстырды.
Ғылыми кітапхана қызметкерлері «Ұлт ғалымы – Халел Досмұхамедұлы» атты кітап көрмесін таныстырып, қатысушыларға ғалымның еңбектері, ол туралы әдебиеттер, сондай-ақ қолжетімді баспа және электрондық ресурстар жөнінде мәлімет берді.
Кездесу барысында қатысушылар «Халел Досмұхамедов — ұлт мақтанышы!» атты деректі фильмді тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті. «Ағартушылық идеялары бүгінгі қоғамның денсаулығын нығайтуға қалай ықпал етеді?» атты ашық пікірталаста оқытушылар мен студенттер халық денсаулығын нығайтудағы білімнің, профилактиканың және болашақ мамандар жауапкершілігінің маңызын талқылады.
«Халел Досмұхамедов — дәрігер, ғалым, ағартушы» тақырыбында екінші курс PhD докторанты, жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау маманы М. Дихан баяндама жасады. Баяндамада Халел Досмұхамедовтің өмір жолы мен ғылыми мұрасы баяндалды.
Іс-шараның мазмұнды бөлімі баяндамалар мен кітап көрмесінің материалдары негізінде Kahoot платформасында өткізілген «Мұраны таны» викторинасымен аяқталды.
Кездесу модераторлары — Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің аға кураторы Ж.Б. Бейсенбинова және Ғылыми кітапхананың ақпараттық-әдістемелік бөлімінің жетекшісі С.А. Елеукенова.
Қатысушыларға әрі қарай оқуға арналған әдебиеттер ұсынылды. Іс-шара барысында «Халел Досмұхамедов мұрасын оқимыз» атты ұсынылатын әдебиеттер тізімін бірлесіп құрастыру идеясы да айтылды.
Кездесу көрнекті дәрігер әрі ағартушының мұрасымен жақынырақ танысуға және оның еңбектерінің болашақ денсаулық сақтау мамандары үшін маңызын талқылауға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар: Л.Ж. Алекешева, К.Н. Алимханова, Л.Ж. Темирбаева, Г.С.Максутова, Н.О. Бейсембинова, Н.Б. Орманбетова, Толегенова А.С., А.Н. Кожахметова.., Э.И.Кусайынова, А.К. Текманова, Г.А. Бегимбетова, Н.З. Хайруллаева, Б.А. Айдарбеков, Б.С., Бертаева, Г.М. Садуакасова, и Ш.Н.Махамбетова, Е.К.Керембаев.











