Профессор М.К. Кульжановтың стипендиясы
Құрметті С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім алушылары!
Профессор М.К. Кульжанов алдағы 2024-2025 оқу жылына конкурс жариялайды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша конкурсқа қатысқысы келетін докторанттар мен магистранттар атаулы стипендия алуға арналған Ережемен танысуға тиіс.
«Профессор М.К. Кульжановтың стипендиясы» туралы Ереже
Кульжанов Максут Каримович — медицина ғылымдарының докторы, менеджмент және денсаулық сақтау саясаты кафедрасының профессоры, ДДҰ атқару комитетінің мүшесі (2000-2004 және 2014-2017), Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі Азия-Тынық мұхиты академиялық консорциумының толық мүшесі, ДДҰ тұрақты комитетінің мүшесі, COHRED Басқарма мүшесі, ASPHER Директорлар кеңесінің мүшесі, APAC PH, Республикалық медициналық палатаның Президенті, ректордың кеңесшісі, ҚР ӘМСҚ КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Осы Ереже «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектерінің қауымдастығы» жарғысына сәйкес жасалып, 2024 жылдың 27 наурыздағы «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының отырысында бекітілді.
Жалпы ережелер
1.1. Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты кафедрасы 2024-2025 оқу жылына конкурстық негізде «Профессор М.К. Кульжановтың стипендиясы» (бұдан әрі мәтін бойынша – «Стипендия»), Қазақстан азаматы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (бұдан әрі мәтін бойынша — ҚазҰМУ) «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқитын, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы практикалық, ғылыми-зерттеу қызметінде жетістіктері бар білім алушыға ай сайын 50 000 теңге көлемінде стипендия тағайындайды.
1.2. «Стипендия» оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап тағайындалады.
1.3. «Стипендия» магистранттар мен докторанттарға конкурстық негізде тағайындалады.
Ескерту: шарт бойынша ақылы негізде оқитын магистранттарға, докторанттарға ҚазҰМУ алдында қаржылық берешегі болмаған жағдайда стипендия беріледі.
1.4. Магистранттар мен докторанттарға «Стипендия» тағайындау критерийлері:
— барлық оқу кезеңіндегі үлгерімнің жоғары рейтингтік балы;
— академиялық қарыздың болмауы;
— практикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу (үйірмелердегі жұмыс, жарияланған мақалалардың, тезистердің болуы, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-практикалық семинарларға, симпозиумдар мен конференцияларға баяндамалармен қатысу).
1.6. Үміткерлер өтінім берген білім алушылар арасынан іріктеледі.
1.7. Үміткерлерді іріктеуді Комиссия жүргізеді. Комиссия құрамы «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының отырысында бекітіледі. Комиссия құрамына ҚазҰМУ басшылығымен келісім бойынша ҚазҰМУ магистранттарының, докторанттарының және профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіруі мүмкін.
- «Стипендия» беру тәртібі
2.1. ҚазҰМУ университеттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде «Стипендияға» конкурс туралы хабарландыру орналастырады. Құжаттарды қабылдау мерзімі 15.04.2024 жылдан 18.05.2024 жылға дейін (18.00 сағатқа дейін).
2.2. Конкурсқа ұсынылатын құжаттар:
- білім алушы куәлігінің көшірмесі;
- үлгерімнің рейтингтік балын көрсететін транскрипт;
- денсаулық сақтау саласындағы конференциялар, семинарлар жарияланымдары мен бағдарламаларының бедерлері қоса берілген жарияланымдар тізімі;
- түйіндеме немесе CV;
- денсаулық сақтау саласындағы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларға, жазғы және қысқы мектептерге қатысқанын растайтын сертификаттар;
- денсаулық сақтау саласы бойынша түрлі жобаларға қатысқаны туралы құжат.
- көлемі 1 беттен аспайтын «Менің денсаулық сақтау саласындағы үлесім» тақырыбындағы мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі мотивациялық хат. Бұл мотивациялық хатта үміткер, оның жетістіктері және дәрігер мамандығына деген адалдығы туралы ақпарат болуы керек (алынған білім мен практикалық дағдылар кәсіби маман болуға қалай көмектеседі);
- қаржылық берешектің жоқтығы туралы бухгалтериядан анықтама (шарт бойынша ақылы негізде білім алушылар үшін).
2.3. Құжаттар ҚазҰМУ әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментіне [email protected] электрондық поштасына ұсынылады.
Байланыс телефоны: +77079492070
III. Ерекше шарттар
2.4. ҚазҰМУ басшылығынан студенттің университеттің ішкі тәртібі мен оқу тәртібінің ережелерін бұзғаны, үлгерімнің төмендеуі, академиялық берешектің болуы, студенттің сабақты ұзақ өткізіп алуы кезінде, сондай-ақ стипендия беруді тоқтата тұруға негіз болған басқа да мән-жайлар (академиялық демалыс, басқа ЖОО-ға ауысу және т. б.) туралы ресми хатының негізінде ҚазҰМУ «Профессор М.К. Кульжанов стипендиясы» иегерін стипендиядан айыруға құқылы.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/профессор-м-к-кульжановтың-стипендия/