С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникаларының мүмкіндіктері мен жетістіктері Алматыда өткен медициналық туризмнің халықаралық көрмесінде таныстырылды
Бүгін Алматыда United Medical Tourism Expo халықаралық медициналық туризм көрмесі өтті. Бұл медициналық және сауықтыру туризміндегі әлемдік көшбасшыларды біріктірген негізгі салалық іс-шара. Көрмеде денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу, тиімді емдеу саласындағы соңғы жетістіктер, сондай-ақ әлемдік медицина секторында қолжетімді жаңа технологиялар мен қызметтер көрсетілген.
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің университеттік клиникаларының өкілдері де өз мүмкіндіктері мен жетістіктерін алға тартты. Бүгінгі таңда еліміздің жетекші медициналық университетінің құрылымында 4 жеке клиника бар, олар Ішкі аурулар клиникасы, МСАК орталығы және «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасы, стоматологиялық клиника, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтары: «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты», «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы», «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы», «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» «Н.Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығы».
ҚазҰМУ университеттік клиникаларында бірегей операциялар, шеберлік сабақтары, күрделі диагнозы бар науқастарды емдеу және оңалту жүргізіледі. Мәселен, 2016 жылдан бері «Ақсай» емханасында тәжірибелі хирург Исамдун Харамов туа біткен және идиопатиялық сколиоздың салдарынан омыртқаның деформациясының ауыр түріне шалдыққан балаларға оталар жасауда. 2023 жылдан бастап мұнда эпидермолиз буллозасы (көбелек синдромы) бар балаларға операция жасай бастады. Бұл ауруға шалдыққан адамдардың терісі көбелектің қанатындай өте нәзік, әрбір жанасудан теріде ауырсынулар мен көпіршіктер пайда болады. Сондай-ақ олардың қол-аяқтарының саусақтары біріккен. Бұл операцияның мақсаты – біріккен саусақтарды ажырату. «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен емхана Қазақстанда алғаш рет ахондроплазиямен (бойы қысқа) балаларды емдеу жасалды, ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, атап айтқанда офтальмологиялық клиникада донордың қасаң қабығын трансплантациялау бойынша бірегей операциялар қайта жандандырылды.
Халықаралық көрменің ашылуында сөз сөйлеген ҚазҰМУ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Светлана Сұлтанғазиева университеттік клиникалардың отандық медициналық туризмді дамытуда үлкен рөл атқаратынын, себебі емханаларға Қазақстанның түкпір-түкпірінен емделушілер келетінін атап өтті. Дегенмен, мүмкіндігінше жақын және алыс шетелдердің тұрғындары Қазақстанда көрсетілетін бірегей медициналық көмек туралы білуі үшін сыртқы медициналық туризмді дамыту құралдарын енгізу қажет, бұл айтпақшы, шетелдік науқастарға шетелдік клиникалармен салыстырғанда айтарлықтай арзанырақ көрсетілуі мүмкін қызмет болып табылады.