ФАРМАЦИЯ МЕКТЕБІНІҢ БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРУ (Фоторепортаж)
17 шілдеде С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде фармация мектебінің бакалавриат түлектеріне және фармация, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі, биомедицина, медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша оқыған магистранттарға диплом тапсыру рәсімі өтті.
Биыл фармация мектебін 468 бітіруші түлек тәмамдауда, оның 28 студент қызыл диплом иегері болса, 18 белсенді студенттер. Ал магистратура бойынша 140 түлекке диплом табысталды. Олардың 6-сы үздік диплом иегері, 12-сі белсенді жастар болды.
Алғаш рет 8 магистрант «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша бірегей қос диплом бағдарламасымен бірден 2 диплом алады. Яғни, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Сүлейман Демирель университеті арасындағы бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов түлектерді құттықтап, медицина мамандарын даярлаудың жоғары сапасын атап өтті. Бұл университет түлектеріне деген белсенді сұраныстың дәлелі. Фармацевтикалық өндіріс ел дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Фармацевтика саласында жоғары білікті кадрларды даярлау үлкен маңызға ие.
Ауқымды рәсімге бітіруші түлектер, ата-аналар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Қонақтардың басым көпшілігі С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да білім алған тұлғалар. Фармация мектебінің магистранттары мен баклавриат түлектеріне ректор, проректорлар, декандар, факультеттің кафедра меңгерушілері, құрметті қонақтар диплом табыстады.
Жалпы, биылғы жылы университеттің 3500 мыңнан астам түлегі диплом алды. Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 98 пайызды құрайды. Сонымен қатар, университет қабырғасында әлемнің 31 мемлекетінен 3000-ға жуық студент білім алады.
2023 жылғы Хирш индексі бойынша ҚазҰМУ Қазақстанның ұлттық рейтингінің үздік бестігіне кіреді. 2019-2022 жылдар аралығында ҚазҰМУ қызметкерлері 689 ғылыми мақала, олардың ішінде Scopus журналына – 419, WoS журналына – 270 материал жариялаған. Элиталық QS World University Ranking 2023 рейтінгісі бойынша 2462 әлемдік университеттер арасында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 651-700 позициясын иеленген.
ҚазҰМУ-дың бүгінде 7 мектеп пен факультет, 70 кафедра, 4 университеттік клиника, 5 ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, еліміздің өңірлерінде Орал мен Таразда 2 филиал, Алматы қаласының барлық дерлік қалалық және республикалық медициналық ұйымдарында 140 клиникалық базасы орналасқан. Жоғарғы оқу орны 89 білім беру бағдарламасы бойынша, оның 8-і бірлескен және 3 бағдарлама қос дипломды болып табылады.
Сонымен қатар, университет базасында ең ірі симуляциялық орталық, жаңа анатомиялық зал, сүйек мұражайы, стоматологиядағы практикалық дағдылар орталығы қамтылған. Қазақстандық және халықаралық рейтингтердегі жетекші позициялар, ең бастысы – Қазақстандағы ең үздік 15 мың студент ҚазҰМУ-да білім алуда.
Ақ жол достар! Alma-Mater-ді есіңізде сақтаңыз! Армандар мен жоспарлар орындалсын!