Философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге диссертациялық қорғаулары өтті
2022 жылдың мамыр айының 14 жұлдызында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» жанындағы 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша PhD-докторанттар Аманкулов Жандос Муктаровичтің «Колоректады рак диагностикасында заманауи сәулелі зерттеу әдістерін оңтайландыру» тақырыбында және Кемельбеков Канатжан Сауханбековичтің «Жүректің туа біткен кардиоваскулярлы аурулары кезінде хирургиялық көмек көрсетуді жақсарту жолдары» тақырыбы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге диссертациялық қорғаулары өтті.
Аманкулов Жандос Муктаровичтің ғылыми кеңесшілері:
Кайдарова Диляра Радиковна – медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Басқарма төрайымы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Жолдыбай Жамиля Жолдыбаевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Визуалды диагностика» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми кеңесшісі:
Perry J. Pickhardt – профессор, гастроинтестиналды визуализация бөлімшесінің меңгерушісі және қатерлі ісік визуализациясы бөлімінің медициналық директоры, Висконсин Университеті Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (Мадисон қ., Висконсин штаты, АҚШ).
Диссертация «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ «Визуалды диагностика» кафедрасында орындалған.
Кемельбеков Канатжан Сауханбековичтің ғылыми кеңесшілері:
Джошибаев Сейтхан – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры (Тараз қ., Қазақстан Республикасы).
Баймагамбетов Амирхан Кемелкулович – медицина ғылымдарының докторы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент кампусы, «Травматология-ортопедия және онкология» кафедрасының профессор м.а.(Шымкент қ., Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми кеңесшісі:
Аркадий-Ави Котляр – PhD., интегративті медицина клиникасының жетекшісі (Ришон Ли Цион қ., Израиль).
Диссертация «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» Шымкент кампусы «Травматология-ортопедия және онкология» кафедрасында орындалған.