Қазақстанның 100 мың үздік дәрігері – ҚазҰМУ туралы басты деректер
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қазақстандағы медициналық білім берудің көшбасшысы болып табылады. Сізді қызықтыруы мүмкін университет туралы қысқаша фактілерді ұсынамыз.
ҚазҰМУ – бұл:
91 жылдық даңқты тарих.
100 мыңнан астам түлек, еліміздің үздік дәрігерлері.
13 536 білім алушы
Әлемнің 22 елінен 1784 шетелдік студенттер
7 мектеп және факультет
68 кафедра
4 университеттік клиникалар
118 клиникалық база
5 ғылыми орталық және ҒЗИ
Қазақстан өңірлеріндегі екі филиал: Орал мен Таразда
7 оқу корпусы
8 жатақхана
Түлектерді 100 пайыз жұмыспен қамту
Қуатты профессор-оқытушылар құрамы – 789 оқытушы
Қазақстандағы оқуға түсушілер үшін ең жоғары өту балы – 140
89 білім беру бағдарламасы
8 бірлескен білім беру бағдарламалары
Қос дипломның екі бағдарламасы
Қазақстандық және халықаралық рейтингтердегі бірінші орындар
Елдегі ең ірі Симуляциялық орталық
Бірегей анатомиялық зал
Елдегі ең үздік сайттардың бірі.