ҚазҰМУ: 100 бастап 100 мыңға дейінгі медицина мамандарының жолы
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, бұрынғы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, одан ертерек Алматы мемлекеттік медицина институты, оған дейін ҚазКСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының В.М. Молотов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина институты. Ал ең басында Қазақ АКСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының Қазақ мемлекеттік медицина институты болды. Медициналық кадрларды даярлаудың инновациялық жүйесін құрып, Орталық Азияда жетекші орынға ие болған университет 93 жылда қандай жолды еңсерді алға тартамыз.
Аштық, су тасушылар және дәрігерлер
Барлығы 1931 жылы оқуға қабылданған алғашқы жүз студенттен басталды. Бұл институттың негізін қалаушылар үшін үлкен жетістік болды, өйткені бастапқы жоспарларда дәрігерлер мемлекеттік университетте ашылатын факультетте дайындалады деп көзделген болатын.
1930 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «1930/1931 жылдарға РСФСР басқаратын органдардың жоғары оқу орындарына қабылдау желісі, құрылымы және контингенті туралы» тарихи қаулысына қол қойылды. Осы қаулыға қосымшада республикадағы барлық басқа жоғары оқу орындарының тізбесі ішінде келесі жолдар бар «…Алма-Ата. Медицина институты. Емдеу-профилактикалық факультеті. Қабылдау: 1930/1931 жылғы қыс – 100 адам».
Алғашқы сабақтар қазіргі Назарбаев көшесі 99 мекенжайында орналасқан тарихи ғимаратта өтті. Бұл әйгілі Верный саудагері Сергей Шахворостовтың бұрынғы үйі, сәулетші Андрей Зенковтың жобасымен салынған, Лепсинская 38. Қазір бұл ғимараттың мекен-жайы – Назарбаев көшесі 99. Онда медицина институтының бірінші директоры Санжар Асфендияров жұмыс істеді.
1931 жылдың ақпан айында ол Университет жұмысын бастауы керек еді. 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент, 2 оқытушы студенттерді дәрігер болуға дайындады. 1931 жылдың күзінде қабылдау комиссиясының үш отырысында 1 курсқа қосымша 168 студент қабылданды. 1931 жылдың күзінде бірінші курста барлығы 289 студент болды, оның 87 әйелдер. Оқуға қабылданған студенттердің 51,9% қазақтар, 11,4% шығыс ұлттары, 36,7% орыстар болды.
Сабақтарды өткізу үшін университет тағы екі ғимарат алды: Лепсинская көшесі, 71 корпус (қазір ғимарат сақталмаған, бірақ оның фотосуреті ҚазҰМУ мұражайында) және Пушкинская (содан кейін Пушкин көшесі), 65 үй. Қазір Пушкин көшесі 65 мекенжайында №1 қалалық емхана орналасқан.
Алғашқы бес жылда студенттер санын 900 адамға дейін жеткізу жоспарда болатын. Студенттерді жұмысшы ретінде тарту арқылы жаңа ғимарат тұрғызу. Сонымен қатар су құбыры мәселесін шешу қажет болды. Алғашқыда институттың штатында су тасушылар болды, ауыз су Арычная көшесіндегі (қазіргі Абай даңғылы) бас арықтан немесе Алматы өзенінен асхана мен жатақханаға атпен бөшкелермен жеткізілді.
Дегенмен қазіргі ҚазҰМУ келбетінің алғашқы бөлшектері пайда болды. 1932 жылы сәулетшілер А.Гегелло мен Б.Н.Стесиннің жобасы бойынша инженер Д.Кричевскийдің жетекшілігімен қазіргі Төле би көшесінде медициналық институтқа арналған бірнеше ғимараттар кешені салына бастады. Бас ғимарат 1939 жылы пайдалануға берілді. Сол кездегі соңғы технологиямен салынған университет ғимараты бүгінде сәулет ескерткіші болып табылады, әрі мемлекет қорғауында алғынған.
Институттың білім беру деңгейі арта түсті, университет ректорлары студенттерді дайындау сапасын арттыру үшін арнайы мамандарды шақырды.
Білім беру аумақтарының көрсеткіштері өсе бастады: егер 1934 жылы оқу кабинеттерінің жалпы сыйымдылығы (емхананы қоспағанда) 8 911 болса, 1935 жылы – 9 462, 1936 жылы – 35 500.
Алғашқы түлектер
Білім ордасын 1936 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты. 66 студентке (қабылданғандардың 23 пайызы) дипломдар табысталды – сол кездің өзінде ҚазҰМУ-дың болашақ түлектеріне ең қатаң талаптар қойылды. Ол кезде құрылымда жалпы ауданы 35 500 шаршы метрді құрайтын 28 кафедра болды.
30 жылдары институт дамуының басым бағыттарының қатарында ғылыми кадрларды даярлау және оқытушылардың біліктілігін арттыру болды.
Табылған құжаттар 30 жылдары кафедралар жүргізген ғылыми зерттеулердің тақырыбында гигиена мен санитарияның көптеген қолданбалы мәселелері қамтылғанын көрсетеді. Бұл курортология мәселелерін, минералды су көздерінің сапасын, ауруханаішілік инфекцияларды зерттеу.
Кейінгі бірнеше жылда институтта сот медицинасы кафедрасы және көптен күткен педиатрия факультеті ашылды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ҚазҰМУ
Институт Ұлы Отан соғысы жылдарында дәрігерлерді дайындады. Соғыс жылдарында институтты 2000-ға жуық дәрігер тәмамдады, түлектердің 75 пайызы майданға жіберілді. Ал соғыстың алғашқы күндерінде 84 оқытушы мен 262 студент өз еркімен майданға аттанды. Сонымен бірге әрі қарай даму үрдісі жүріп жатты, 1943 жылы Институтта үшінші факультет – санитарлық-гигиеналық факультет ашылды.
Университет Жеңіске зор үлес қосты. Майданда Отан бостандығы жолында өшпес ерлік көрсеткен медицина институтының студенттері Мәншүк Мәметова мен Владимир Иванилов қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар медицина институтының студенттері ретінде мәңгілікке есте қалды.
Тәуелсіздікке дейінгі ҚазҰМУ
Соғыстан кейінгі кезеңде студенттер саны айтарлықтай көбейді, факультеттер саны да өсті. 1951 жылы фармацевтикалық факультет, 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1960 жылдары Қазақстандағы педиатриялық қызметтің дамуындағы маңызды оқиға Манас көшесінде 1-ші балалар клиникалық ауруханасының үлкен көпсалалы кешенінің ұйымдастырылуы және ашылуы болды.
1978 жылы Алматыда ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі халықаралық конференциясы өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау тарихындағы Алматы конференциясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) атынан адамның денсаулыққа құқықтары мен мемлекет үкіметтерінің Ұлт денсаулығы үшін жауапкершілігі жарияланған ең ірі оқиға болды. Ұйымдастыру жұмыстарына АММИ оқытушыларының көмегі зор екенін атап өткен жөн.
1982 жылы институт құрамында 65 кафедра, аспирантура (12 мамандық бойынша), орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, анатомия мұражайы, институт тарихы мұражайы, кітапхана (кітап қоры 400 мыңнан астам) болды. Оқу-тәжірибелік базасы 23 клиникалық аурухана, 18 емхана, 20 дәріхана, 3 перзентхана, фармацевтикалық зауыт, 3 диспансерден тұрды.
1982/83 оқу жылында 6587 студент білім алды, 727 оқытушы қызмет атқарды, олардың ішінде, 49 профессор мен ғылым докторлары, 421 доцент пен ғылым кандидаты бар.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 11 қаңтардағы №17 қаулысымен институтқа С.Ж. Асфендияров есімі берілді.
Тәуелсіздік кезеңіндегі ҚазҰМУ
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ҚазҰМУ жаңа тарихы басталды. Дәл осы қиын-қыстау жылдарда университет басшылары өз әлеуетін сақтап, университетті жаңа жағдайларда жаңғырту жұмыстарын жүргізе алды. Университет ұлттық мәртебеге ие болды, күрделі жөндеуден өтті және елдегі ең алғашқы университет театры – Theatrum Concordia, Даңқ залы, мемориалдық аллеялар, ескерткіш алаңдары ашылды, атаулы аудиториялар мен галереялар, мемориалдар мен ескерткіштер, институттар, орталықтар, зертханалар мен мектептер ашылды.
2011 жылы заманауи университеттік клиникалар құрылды. Университет Алматы қаласы, Алматы облыстары мен Қазақстанның 8 облысындағы 600 төсектік 3 жеке емханада, 102 медициналық ұйымда клиникалық қызмет көрсете бастады. Клиникалық базаға Оқу-клиникалық орталық, Ішкі аурулар клиникасы және Ақсай университетінің клиникасы, сондай-ақ Стоматология институты кірді.
Сондай-ақ Қазақ ұлттық медицина университетінде Б.А.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицинаның ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Ол өз тұрғысында инновациялар, іргелі және қолданбалы зерттеулерді басқару, студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін және университеттің ғылыми әлеуетін дамыту орталығына айналды.
2010 жылдардың аяғы: Ғылым және бірлескен білім беру бағдарламалары
ҚазҰМУ 2018 жылға 10 мың студентпен енді. Аталған жылы ол «Ұлттық медицина университеті» акционерлік қоғамы болып өзгертілді, ал коммерциялық емес акционерлік қоғам құрамына келесі ұйымдар кірді: Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты,
Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы,
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты.
2020 жылғы ҚазҰМУ-дың шетелдік студенттер арасында танымалдылығының өсу динамикасы қызықтырады, олардың саны 19 елден 1303 (13%) болса, 2019 жылы 16 елден 1023 (11%) болды.
Ал 2019 жылы ҚазҰМУ-дың ғылыми-зерттеу институты мәртебесін алуына нәтижелі ғылыми жұмыстар жүргізілуі себеп болды. Мәселен, 2018 жылы «ҚазҰМУ» КЕАҚ қызметкерлері 819 мақала жариялады, оның ішінде 151 шетелдік журналдарда, оның 90 жуығы импакт-факторлы журналдарда жарияланған. «ҚазҰМУ» КЕАҚ Қазақстандағы мақалаларға сілтемелердің ең көп саны университет ретінде Web of Science және Scopus сертификаттарын алды.
2018-2020 жылдар аралығында Қазақ ұлттық медицина университетінде білім беру бағдарламаларының саны екі есеге өсті. Олардың саны 43-тен қарсы 89 жетті. Сондай-ақ осы аралықта Америка Құрама Штаттарының Ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен (CDC) және Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлескен білім беру бағдарламасы іске қосылды.
2019 жылы Оңтүстік Кореяның Kyungpook ұлттық университетімен «Физикалық медицина және оңалту» бірлескен бағдарламасы, SUNY Albany (АҚШ) «Эпидемиология» бағдарламасы, University of information technology and management (Польша) «Фармацевтикалық косметология» бірлескен бағдарламасы, ҚБТУ «Электрондық денсаулық» бірлескен бағдарламасы ашылды. Бұдан басқа, ҚазҰМУ-дың стратегиялық серіктесі – Литва денсаулық ғылымдары университетімен академиялық ұтқырлық бойынша жұмыстар жүргізілді.
2019-2020 оқу жылында Оңтүстік Корея, Румыния, Түркия, Қырғызстан, Чехия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Австралия елдері сынды шетелдік білім беру, ғылыми және клиникалық ұйымдармен ынтымақтастық туралы 13 келісім мен өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалды.
Университет студенттері үшін Санкт-Петербург химия-фармацевтикалық университетімен, Rzeszow in Information technology and management University (Польша), UA SUNY университетімен (АҚШ), сондай-ақ Оңтүстік Кореядан Kyungpook ұлттық университетімен бірлескен дипломдар ала алатын бағдарламалар ашылды.
2023 жыл – Бүгінде ҚазҰМУ
ҚазҰМУ қазір денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің қағидаттары негізінде үнемі дамып келе жатқан инновациялық оқу орны болып табылады. Мұнда ортақ миссияға ұмтылған, ортақ құндылықтарды бөлісетін кәсіби мамандар денсаулық туралы білімді адамдардың игілігі үшін дайындау, хабарлау және пайдалану үшін күш біріктіреді.
Қазақтың жетекші медициналық университеті мәртебесі ҚазҰМУ-ға зор жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі таңда ҚазҰМУ ұйымдық құрылымы ғылым, білім және тәжірибе интеграциясының заманауи үлгісіне сәйкес келеді. «ҚазҰМУ» КЕАҚ құрамына бес ғылыми-зерттеу институты, Ақсай балалар емханасы, Ішкі аурулар орталығы, Алғашқы көмек және диагностика орталығы кіреді. Қазір университет 147 клиникалық учаскеде өкілдік етеді, оқытушылардың 60% астамының практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен келісім-шарттары бар. Университеттің бес мектебінің барлық кафедралары практикалық, оқу-әдістемелік және ғылыми қызметке тығыз араласады.
«ҚазҰМУ көптеген жылдар бойы медицина кадрларының тапшылығы мәселесін шешуде негізгі рөлдердің бірін атқарды. Соңғы мәліметтер бойынша бізде төрт мыңнан астам маман қажеттілігі бар, дегенмен бұл мәселені тек талапкерлердің санын көбейту, мемлекеттік білім гранттарын көбейту арқылы ғана емес, сонымен қатар мамандарды даярлау сапасын арттыру арқылы шешу керек екеніне сенімдімін.
Біз биылғы жұмыстың елеулі бөлігін Үкімет тамыз айында бекіткен университетіміздің 2024–2028 жылдарға арналған Даму бағдарламасын әзірлеуге арнадық», – дейді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Қазіргі таңда ҚазҰМУ-да 15 мыңнан астам студент білім алуда, 2023 жылы оқуға қабылданғандар бойынша рекорд қойылды – білім берудің барлық деңгейлері бойынша төрт мыңға жуық талапкерлер, олар бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура. Бұл ретте әр үшінші бірінші курс студенті қатаң бәсекеден озып шыққан мемлекеттік білім грантының иегері, мәселен, стоматология мектебіне грантқа түсу үшін 137 балл жинау қажет, бұл бұл өте жоғары көрсеткіш.
Жаңа оқу жылында кадрлық әлеуетті жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жақсарту, оның ішінде кредиттер саны мен профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің оқу жүктемесін оңтайландыру бойынша міндеттер қойылды, сондай-ақ онлайн оқу бағдарламаларына лицензия алу жоспарланған.
Қазіргі уақытта ҚазҰМУ ауқымды цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыруда, 2024 жылы 600 орындық жаңа жатақхана салу жоспарлануда, кампус пен бар 8 жатақхана күрделі жөндеуден өтіп жаңартылды.
«Студент – университеттің негізгі тұлғасы, біз үшін ең маңызды тұлға. Студентке бағдарлау аясында оқудың ыңғайлылығын арттыру үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Студенттік ұйымдармен бірлесе отырып, біз студенттердің өтініштерін жинап, олардың идеяларын жүзеге асыру үшін жұмыс жасаймыз, яғни жатақханаларды жөндеу, жаңа желілік кеңістіктер құру, қоғамдық тамақтану орындарында пайдалы тағамдарды енгізу, барлық ғимараттарда тегін Wi-Fi – бұл студенттердің университет өміріне қатысуын, олардың шешім қабылдау процесіндегі маңызды рөлін көрсететін шағын, бірақ өте маңызды қадамдар деп атап көрсетеді Марат Шоранов.
Эндаумент қоры және технопарк
Ғылым мен білімнің интеграциясы – біздің басты құндылықтарымыздың бірі. Біз бірінші курстан бастап студенттердің ғылыми жобаларына қатысуға ынталандырамыз. Біздің университет 2022 жылғы ғылыми жарияланымдар бойынша НААР рейтингі бойынша медициналық жоғары оқу орындары арасында бірінші орынды иеленді. Жарияланым белсенділігі жыл сайын артып келеді, 342 штаттық оқытушыда Хирш индексі бар.
ҚазҰМУ ғылым, бизнес және мемлекет үшін тартылыс орнына айналуға ұмтылады. Университетте ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру үшін арнайы технопарк құру жұмыстары жүргізілуде. Технопарк құрылымына бизнес-инкубатор, Life Science зертханасы, коммерцияландыру орталығы және өнеркәсіптік өндіріс бөлімі кіреді. Ал үздік идеяларды жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын жинақтау үшін Эндаумент қоры құрылды.
Қаражат ең алдымен «Ақсай» клиникасының базасында балалардағы орфондық неврологиялық аурулардың құзыреттілік орталығын құруға, Технологиялық парктің аудиториясын жөндеуге және университетішілік гранттар конкурсын ұйымдастыруға бағытталады. Олар жас ғалымдардың ғылыми жобаларын қолдауға да арналған.
Клиника және практика
Студенттерге терең білім беруде практикалық дағдыларды ештеңе алмастыра алмайды. ҚазҰМУ-де дәрігерлерге арналған ең ірі симуляциялық орталық жұмыс істейді, сонымен қатар Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша клиникалық базалар студенттерге қол жетімді.
Университет клиникаларының базасында студенттерге терең білім алуға ықпал ететін бірегей операциялар жүргізіледі. Биыл Ақсай университеттік клиникасында алғаш рет kobelek balalar қайырымдылық қорының қолдауымен туа біткен эпидермолизі бар «көбелек балаларға» ота жасалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен қасаң қабықты трансплантациялау жасалды. Жалпы 373 350 280 теңгеге осындай 304 операция жасалады деп жоспарланған. Бұдан басқа, біз 2024 жылдан бастап келесі орталықтарды ашуды жоспарлап отырмыз. Олар клиникалық эндокринология және қант диабеті, нефрология, аудиологиялық скрининг нәтижелерін мониторингілеу және қолдау, неврологиялық орфандық аурулардың құзыреттіліктері, аллергологиялық, ревматологияның ғылыми-клиникалық орталығы, сондай-ақ клиникалық зерттеулер жүргізу.
ҚазҰМУ университеттік емханалары бүгінде мемлекеттің қолдауының аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған науқастардың емделуіне үміт ошағы болып табылады. ҚазҰМУ сонымен қатар резидентураға қосымша студенттерді қабылдаудың тиісті жоспарларын және университеттік клиника жобасын әзірлеуде. Жоғарыда айтқанымыздай, науқастарға бір жерде көпсалалы көмек көрсетілетін университеттік клиника қажет.
Бұл тәсіл өз нәтижесін беруде. Жылдан жылға ҚазҰМУ-дың жұмысқа орналастырылған түлектерінің пайызы өсуде: 2019 жылы 99,7% – дан 2023 жылы 100% – ға дейін. 2022/23 оқу жылында 2 502 түлек диплом алды, оның 1630 гранттық қаржыландыру бойынша білім алады. Сонымен қатар, 2023 жылдың мамыр айында өткен Бос орындар жәрмеңкесінде түлектерге жоғары еңбекақы төленетін медициналық мамандарға 3 450 өтінім келіп түсті. Бұл дегеніміз, біздің түлектерге деген сұраныс ұсыныстан әлдеқайда жоғары, ал жұмыс берушілердің өздері өз командасына біздің түлектерді алу үшін барлық аймақтардан келеді.
Бүгінгі таңда университетіміз ең мықты клиникалық базалары мен ғылыми институттары бар жоғары білім мен зерттеулердің флагманы болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштер университет беделінің және оның жұмыс сапасының қарқынды дамуы мен өсуін аңғартады.
Біздің ұстаным ғылым, білім, емдеу және басқару саласындағы кәсібилікке негізделген. Біз қоғамға, жаңа идеяларға ашықпыз және шешім қабылдау процесіне барлық мүдделі тараптарды тартамыз. Сонымен бірге біз ескі дәстүрлерді мұқият сақтап, жаңаларын қалыптастырамыз.
Қарқынмен өзгеріп жатқан әлемде ҚазҰМУ барлық қызмет бағыттары бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсете отырып, көшбасшылық позицияны нық ұстанады. 93 жыл ішінде Алматыдағы 100 студенті бар шағын ғимараттан білім мен ғылымның үлкен орталығына дейін кесек жол еңсерілді. Ал бұл тек бастамасы.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазұму-100-бастап-100-мыңға-дейінгі-медицин/