ҚазҰМУ-да профессор Plinio Cirillo заманауи кардиология бойынша дәрістер циклін өткізді
2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov базасында Италиядан шақырылған профессор — Plinio Cirillo сапармен болды.
Ерекше қызығушылық тудырған дәріс:
«Exposome: a newer CV risk Factor in the modern Times»
— «Экспосома: қазіргі замандағы жүрек-қантамыр ауруларының жаңа қауіп факторы» (аударған — ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Сұғралиев А.Б.)
Сонымен қатар келесі өзекті дәрістер ұсынылды:
«Impact of CAD and PAD on CV disease: from pathophysiology to treatment»
— «ЖИА мен шеткері артерия ауруларының жүрек-қантамыр ауруларына әсері: патофизиологиядан емге дейін»
(аударған — PhD Ертаева Ж.Е.)
«Cigarette smoke, passive smoke, e-cigarette and CV system: an updated overview of the ESC community»
— «Пассивті темекі шегу, электронды сигареттер және жүрек-қантамыр жүйесі: ESC ұсынымдарының заманауи шолуы»
(аударған — қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. Рустамова Ф.Е.)
▫️ «Artificial intelligence in Cardiology: where do we are?»
— «Кардиологиядағы жасанды интеллект: біз бүгін қай деңгейдеміз?»
(аударған — профессор ассистенті Курбанова Г.М.)
2026 жылғы 21 мамырда профессор Plinio Cirillo Ана Мед Форум–2026 халықаралық форумында баяндама жасады:
«The role of thrombosis in cardiorenal and metabolic syndrome»
— «Кардиореналдық және метаболикалық синдромдағы тромбоздың рөлі»
(аударған — қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. Альмұхамедова А.Б.)
Қорытынды дәріс:
«Instructions for the antiplatelet therapy in the elderly»
— «Егде жастағы науқастардағы антиагреганттық терапия»
(аударған — қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. Ищанова А.К.)
Сапар барысында профессор Plinio Cirillo Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov бірінші проректорымен кездесті.
Сонымен қатар, кеше визитинг-профессор Черилло Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі базасында ауыр коморбидті науқастарға консультациялар жүргізді. Клиникалық талқылаулар барысында заманауи диагностика мен емдеудің негізгі мәселелері халықаралық ESC клиникалық ұсынымдарына сәйкес қарастырылды. Дәрістер профессор-оқытушылар құрамы, резиденттер, магистранттар, докторанттар және клиникалық базалардың дәрігерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар ұсынылған материалдардың жоғары ғылыми деңгейін, тақырыптардың өзектілігін және практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.


















