Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Қазақстан аймақтағы инсульт ауыртпалығы жоғары елдердің бірі десек, жыл сайын шамамен осы дертке душар болған 49-53 мыңдай жағдай тіркеледі. Тек 2025 жылдың өзінде 53 мыңнан астам науқас емделсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға артық. Оның үстіне инсульт тез «жасарып» барады, оған шалдыққандардың 15%-ы 30-45 жас аралығындағы адамдар.
Инсульт мүгедектікке душар ететін басты себептерінің бірі болып тұрғандықтан, науқастардың 80%-ға жуығы еңбекке қабілеттілігін ішінара жоғалтады. 85 бірдей инсульт орталығының жұмыс істеп тұрғанына, оған қоса заманауи емдеу әдістерінің дамығанына қарамастан, дәрігерлер денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсетінін және жаңа халықаралық хаттамаларды енгізу қажеттігін алға тартып отыр.
Осы мәселеге орай алдағы 2026 жылғы 29-30 мамырда Алматыда «Неврологияның өзекті мәселелері: білім мен клиникалық тәжірибеге назар аудару» атты халықаралық конгресс өтеді.
Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының (WSO), әлемдегі ең ірі инсульт пен неврология саласының мамандарықауымдастығының қазіргі жетекшілері бір алаңға жиналады. Конгреске WSO президенті доктор Джеярадж Дурай Пандиан мен WSO вице-президенті Густаво Сапосник қатысады.
Іс-шараның күн тәртібіндегі басты тақырыптары – инсультты емдеудің заманауи әдістері, тромболиз, нейроинтервенция, реабилитация, қан тамырлары ауруларының алдын алу, халықаралық клиникалық нұсқауларды енгізуболмақ.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас неврологы Сәуле Тұрыспекова конгресс «жаһандық ғылым мен қазақстандық дәрігерлердің күнделікті тәжірибесі арасындағы көпір» қызметін атқаратынын, Алматыда талқыланған шешімдер бүкіл елдегі емдеудің жаңа стандарттарына ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.
WSO президенті Джеярадж Дурай Пандиан Алматының аймақ елдеріндегі инсультпен ауыратын науқастарға көмек көрсету жүйесін дамытып, тәжірибе алмасу үшін маңызды халықаралық платформаға айналып отырғанын атап өтті.
Конгресс ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы неврологтар қауымдастығы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік инсультпен күрес жөніндегі ұйым қолға алып отыр.
Дереккөз: https://kazgazeta.kz/news/169767



