ҚазҰМУ кафедрасына Қазақстандағы психиатрияның негізін қалаушылардың бірі Григорий Зальцманның есімі берілді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Тағзым» акциясы аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің психиатрия және неврология кафедрасына Қазақстандағы психиатрияның негізін қалаушылардың бірі Григорий Зальцманның есімі берілді. Аталмыш рәсімге ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, Григорий Зальцманның ісін жалғастырушылар болып табылатын балалары Илья мен Ирина, оның жақындары, достары, әріптестері және студенттер қатысты.
«Біз университетімізде қажырлы еңбек еткен, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының игілігі үшін қалтқысыз қызмет атқарған адамдарға бас иіп алғыс білдіреміз. Григорий Ильич Зальцман кафедрада 56 жыл жұмыс істеген, оның ішінде 36 жыл меңгеруші болған. Бұл жас ұрпаққа үлгі – өнеге болуы қажет – Сіздер Қазақстанның барлық психиатриялық қызметі қолданатын негіздерді қалаған аға буынды жадыларыңызда сақтауларыңыз қажет», – деп сөз алды ректор Талғат Нұрғожин.
Григорий Зальцман психиатрлар әулетінің негізін қалаушы – ұлы Илья мен қызы Ирина оның өмірлік ісімен айналысуды жалғастыруда. Илья Зальцман өткізіліп отырған іс-шара үшін ҚазҰМУ ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлына, Университет басшылығына алғысын білдіре отырып, бұл ұрпақтар сабақтастығына, уақыт байланысын қолдауға, болашақ дәрігерлерді тәрбиелеуге үлкен үлес қосатынын атап өтті. Григорий Зальцманның шәкірттері де, әріптестері де жақсы естеліктерімен бөлісті.
Григорий Зальцман бүкіл өмірін ҚазҰМУ арнаған – бұл жерде білім алды, психиатрия кафедрасында қызмет атқарды, содан кейін оның жетекшісі болды. Ол психиатриялық науқастарды емдеудің бірегей әдістерін жасады, психиатрия саласындағы көптеген мамандарды дайындады.
Григорий Зальцман бүкіл Кеңес Одағына шизофрениямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған «нейролептикалық тіректер» (нейролептические зубцы) деп аталатын ерекше әдісімен танымал болды, ол осы кезеңде қолданылатын барлық емдеу әдістеріне қарағанда тиімді болды. Оның жетекшілігімен кафедрада психопатологиялық синдромдар мен алкоголь патологиясы, оның атиптік көріністері, қызғаныш патологиясы, гипохондриялық бұзылулар зерттелді, шизофрениямен ауыратын науқастарда обсессивті-фобиялық, сенесто-гипохондриялық, иесіздендіру және астено-депрессиялық синдромдардың динамикасы сипатталды. Өз еңбектерімен ол психопатологиялық жағдайлардың арнайы тобын – жедел сандырақ синдромдарын оқшаулау қажеттілігін дәлелдеді. Ол психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының диагностикасы туралы әдістемелік ұсынымдарды, сондай-ақ жүздеген басқа ғылыми кітаптар мен мақалаларды шығарды.
Оның семинарлары мен дәрістері оқытушылар мен студенттер арасында өте танымал болды, материалды ұсынудың жоғары сапасымен ерекшеленді. 1990 жылдан 2000 жылға дейін ол ҚР ДСМ Республикалық Орталық сот-психиатриялық сараптау комиссиясының мүшесі болды, онда психиатриялық және заңдық тұрғыдан ең күрделі сараптау мәселелері шешілді. Профессор Г.И. Зальцман әлеуметтік қауіпті науқастарға арналған мамандандырылған республикалық психиатриялық ауруханада кеңесшілік қызмет атқарды (Ақтас ауылы). Оның қажырлы еңбегі «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен айшықталған.
Григорий Ильич Зальцман Қазақстан Республикасында психиатриялық ғылымның қалыптасуы мен өркендеуіне саналы ғұмырының 50 жылдан астамын сарп еткен, болмысы ерен тұлға.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазұму-кафедрасына-қазақстандағы-пс/