ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Елбасы 2017 жылы сыйлықты төрт санат бойынша беруге шешім қабылдады.
Талғат Нұрғожин «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Мемлекеттік сыйлықты иеленді.
Аталмыш санат бойынша сегіз қазақстандықтарға: «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинге; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Валерий Васильевич Бенберинге; «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы – Әмір Амантайұлы Әхетовке; «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Александр Евгеньевич Гуляевке; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділовке; «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы – Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға; «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке; «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға Мемлекеттік сыйлық берілді.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі