ҚазҰМУ студенттері National General Assembly форумында жүлделі орын иеленді
11 сәуір күні университетімізде «Болашақ медицинасы: жаһандық ынтымақтастық аясында ғылым, басқару және көшбасшылықты интеграциялау» National General Assembly форумында «Қоғамдық денсаулық және эпидемиология» секциясына республикамыздың медициналық жоғары оқу орындарының студенттері арасынан 26 ғылыми жұмыс үш түрлі тілде баяндалды. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 4 курс студенттері Сабырова Дариға мен Жанатханқызы Ақнұр өздерінің ғылыми зерттеу жұмысын баяндап, ІІІ дәрежелі орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі, академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауым.профессоры, м.ғ.к., Чуенбекова А.Б.



