ҚазҰМУ студенттері республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жүлдегерлері атанды
14 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында университетіміздің «Қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 4 курс студенттері Жанатханқызы Ақнұр мен Сабырова Дариға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу конкурсы қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі марапатқа ие болды. Ғылыми жетекшісі, академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. Чуенбекова А.Б.




