ҚММА ғылым күндері – 2026
Университетіміздің бір топ студенттері, интерндері және резиденттері 9-10 сәуірде өткен «ҚММА ғылым күндері 2026» 63-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына сапарын сәтті аяқтады. Биылғы жылы конференцияда денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруды дамытуда басты рөл атқарған, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қырғызстанның жетекші жаңашыл әйелдерінің бірі Фатима Нұрғазиқызы Нұрғазиеваның 115 жылдығы аталып өтілді. Бұл шара оларға өз зерттеулерін ұсынуға, ғылыми талқылауда баға жетпес тәжірибе жинақтауға және зерттеу арқылы алған білімдерін бекітуге мүмкіндік берді.
Бұл екі күн алыс-жақыннан жас зерттеушілері мен тәжірибелі мамандардың басын қосқан нағыз ғылым мерекесіне айналды.
Университет оқытушылары: Б.К. Нұрғалиева (ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы), Қорлан Құдайбергенқызы Исаева (No1 жалпы тәжірибелік дәрігерлер кафедрасы), Б.А. Ералиева (клиникалық фармакология кафедрасы) және т.б. басқаруымен, студенттеріміз тамаша білімін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Олардың баяндамалары тыңдаушылар мен сарапшылар комиссиясының үлкен қызығушылығын тудырды. Әсіресе, 2 курс студенті Ш. Исмаилов, «Ана мен бала денсаулығы» және «Ішкі аурулар» секциялары бойынша 2 рет бірінші орынды иеленді.
2-ЖМ мектебінің 7 курс ЖТД интерндері Л.Мақсотова пен Ж. Есімбекова өзекті тақырыптар бойынша баяндамаларымен 2 және 3 орындарды жеңіп алды. Симпозиумда Сулейменова А.Б. ағылшын тілінде баяндама жасап, ал 3 курс студенті Убайдолла А. «Биомедицинская инженерия» секциясында жеңіске жетті және т/б жүлделі орындар болды. Конференцияға қатысу – бұл өзін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар дамуға күшті ынталандыру; алынған тәжірибе мен жаңа білім одан әрі ғылыми жетістіктерге негіз болып табылады.
Барлық қатысушылардың атынан осындай шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін, университет ректоры М., Е.Шорановқа және конференцияның жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен ҚММА ректоры И.О. Құдайбергеноваға алғысымызды білдіреміз. Құрметпен, Қорлан Құдайбергенқызы Исаева.












