ҚазҰМУ студенттері университеттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында ІІ орын иеленді
2026 жылы ұйымдастырылған университеттік деңгейдегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі жүлделі орынға ие болды. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 4 курс студенттері Жанатханқызы Ақнұр мен Сабырова Дариға өздерінің зерттеу жұмысын сәтті қорғап, байқау қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі жүлделі орын иегерлері атанды. Ғылыми жұмыс өзектілігімен, ғылыми негізділігімен және зерттеу сапасының жоғары деңгейімен ерекшеленіп, қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Ғылыми жетекшісі, академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. Чуенбекова А.Б.



