Халықаралық «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау саласындағы инновациялық технологиялар» ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 8 сәуірде Ташкент қаласында гибридті форматта «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Бұл конференцияға Өзбекстан, Қазақстан, Түркия және Ресей елдерінен бакалавриат студенттері, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатысты.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен баяндама жасағандар: Сабыркей Д.Т., Мамедов М.Б., Жумагулова А.Р., Маншарипов Д., Жарылкасынова Д., Нұрәліқызы Ж., Калдыбаева Ж., Есімбекова Ж., Максотова Л.Б., Гулиева К.М., Галеева Д.Р., Сапарбек К.М., Маратбекова А., Мусина М., Жансерік А., Байгутанова А., Камаладинова Э.Б., Кәмели А.Ш. және т.б.
Ғылыми жетекшілер: ҚазҰМУ профессорлық-оқытушылық құрамы – Мусаев А.Т., Тогузбаева К.К., Кожекенова Ж.А., Нургалиева Б. К., Текманова А.К., Кусайынова Э.И., Абсаттарова К.С., Нургалиева Ж.Ж., Нурмаханова Ж.М., Исаева К.К., Копбаева М.Т., Кульманбетов Р.И., Нурмаганов С.Б.
Пленарлық отырыста профессор Мусаев А.Т. сөз сөйлеп, денсаулық сақтау саласында инновациялық технологияларды дамытудың маңыздылығын атап өтті, халықаралық ынтымақтастықтың және жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тартудың қажеттілігін ерекше көрсетті. Сондай-ақ, мұндай ғылыми-практикалық конференциялардың тек ғылыми ғана емес, тәрбиелік мәні де бар екенін айтты. Ұлы ғалым әрі ойшыл Әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзін келтірді.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірқатар баяндаушылары дипломдармен марапатталды:
III дәрежелі диплом – Жумагулова А.Р., ғылыми жетекшісі Копбаева М.Т.;
II дәрежелі диплом – Байгутанова А., ғылыми жетекшілері Ташенова Г.Т., Тулебаева А.Б.; PhD докторанттары Данияр Машарипов, Диана Жарылкасынова.
I дәрежелі диплом – резиденттер Сабыркей Д.Т., Мамедов М.Б., ғылыми жетекшісі Мусаев А.Т. Бардық қатысушыларға 8 академиялық сағатқа сертификаттар табысталды.
Конференция жоғары ғылыми және ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Бұл шараға қатысу ғылыми әлеует пен кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал етіп, әрі қарайғы зерттеу жұмыстарына қызығушылықты арттырды.














