Өзбекстан нейрохирургтарының IV Конгресі
2025 жылғы 4–6 қыркүйек күндері Өзбекстанның Хива қаласында нейрохирургия саласындағы ең жарқын оқиғалардың бірі – Өзбекстан нейрохирургтарының IV Конгресі өтті. Бұл ауқымды шара нейрохирургия саласының жетекші мамандарын, зерттеушілерді және тәжірибелі дәрігерлерді біріктіріп, осы қарқынды дамып келе жатқан медициналық саланың соңғы жетістіктері, инновациялық технологиялары мен клиникалық тәжірибелері бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Конгресс аясында келесі бағыттар қамтылды:
- Негізгі баяндамалар: Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Украина, АҚШ, Германия, Жапония, Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Польша елдерінің жетекші нейрохирургтары өз зерттеулерімен және тәжірибелерімен бөлісті, оның ішінде жаңа емдеу әдістері мен операциялық техникалар талқыланды.
- Семинарлар, симпозиумдар және workshop форматындағы шеберлік сыныптары (спиналды эндоскопия, радиохирургия бойынша): Қатысушылар қазіргі заманғы нейрохирургиялық араласу мен нейромониторинг әдістері бойынша практикалық білім мен дағдылар алды.
- Ғылыми сессиялар, соның ішінде жас нейрохирургтар сессиясы: Жаңа зерттеулер мен клиникалық сынақтар ұсынылып, неврологиялық ауруларды емдеуге деген көзқарасты өзгертуі мүмкін нәтижелер талқыланды.
- Технологиялар көрмесі: Қатысушылар нейрохирургияда қолданылатын заманауи медициналық жабдықтар мен технологиялармен танысты.
Бұл Конгресс әлемдік нейрохирургия қауымдастығы үшін маңызды форумға айналды. Негізгі мақсат – нейрохирургиялық көмекті және кәсіби білімді жетілдіру арқылы науқастарды емдеудің нәтижелерін жақсарту.
Қазақстан делегациясын АО «Ұлттық нейрохирургия орталығы» Басқарма төрағасы, Қазақ нейрохирургтар қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері», отандық және әлемдік нейрохирургияның тірі аңызы Ақшолақов С.Қ. басқарды.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бұл конгреске Қазақстан делегациясының құрамында лайықты түрде қатысты. Университеттің нейрохирургия және жүйке аурулары кафедралары атынан келесілер өз баяндамаларымен сөз сөйледі: нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі, №7 қалалық клиникалық аурухананың нейроонкология бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы ҚДСБ-нің бас нейрохирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсембеков Е.К., кафедра профессоры Мирзабаев М.Ж., кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы №2 балалар қалалық ауруханасының директоры Рабандияров М.Р., ассистент-профессор Садыкова Ж.Б., жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі Туруспекова С.Т., нейрохирургия кафедрасының резиденттері Кәлиымбекова Ж.К., Омырзақ Р.М., Қожахмет Ә.Б.. Олар өз баяндамаларында тәжірибе, енгізілген инновациялар және идеялармен әріптестерімен бөлісті.
Нейрохирургиядағы жаңа көкжиектерге бірге қадам басайық!
Конгрестің маңызды сәттерінің бірі – Орталық Азиядағы жетекші нейрохирургиялық клиника болып табылатын және барлық халықаралық стандарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Нейрохирургия ғылыми орталығы арасында Меморандумға қол қою болды.
Сондай-ақ, жас нейрохирургтар байқауында құрметті 2-орынды Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығының 4-курс резиденті Тұрсынбеков Т. иеленді. Ол қан тамырлық және функционалды нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс нейрохирургі Махамбетов Е.Т. жетекшілігімен білім алуда.
«Біз нейрохирургия саласындағы мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасуға арналған алаң құруға ұмтыламыз. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға және ғылыми зерттеулер көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді»,
— деді Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Нейрохирургия ғылыми орталығының директоры, Өзбекстан нейрохирургтар қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Кариев Г.М.
Нейрохирургтар конгресі — идеялармен алмасу, жаңа кәсіби байланыстар орнату және медицина қауымдастығы алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау үшін үлкен мүмкіндік болды.