Алматы қалалық «Ұлттық сараптама орталығы» филиалында Ашық есік күні
2026 жылғы 4 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалында «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді Ұлттық сараптама орталығының қызметімен, негізгі жұмыс бағыттарымен, зертханалардың қызметімен, заманауи зертханалық зерттеу әдістерімен және санитариялық-эпидемиологиялық саладағы кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстыру.
Іс-шараға «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері (КДС22-002, КДС22-003 топтары) және «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Қатысушылар филиал зертханаларына экскурсия жасап, заманауи зертханалық жабдықтармен және зерттеу әдістерімен танысты. Сонымен қатар, филиал мамандарымен кездесіп, зертханалық зерттеулер саласындағы кәсіби қызмет пен жұмыс перспективалары туралы ақпарат алды.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан жауаптар алды.
Іс-шараға кафедра тарапынан қауымдастырылған профессорлар Бегимбетова Г.А., Текманова А.К. және өндірістік практикаға жауапты, лектор Дәрмен Н.Ж. қатысты.
«Ашық есік күні» студенттердің кәсіби бағдарын кеңейтіп, алған теориялық білімдерін практикалық қызметпен байланыстыруға және санитариялық-эпидемиологиялық саладағы мамандардың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.








