«Болашаққа инсультсыз» акциясы
2018 жылдың 26 қыркүйегінде Дүниежүзілік инсульт күні қарсаңында, № 59 ҚМУ-мектебінде «Болашаққа инсультсыз» акциясы өткізілді, оны С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия курсымен жүйке аурулары кафедрасының доценты Кужыбаева К.К., ассистенттер Кондыбаева А.М. және Сарыбаева Б.С., сондай-ақ ЖМ14-17-1K және ЖМ14-18-1K топтарының студенттері ұйымдастырды.
Іс-шара аясында кафедра қызметкерлері мен студенттері оқушылар мен мұғалімдер арасында алдын-алу, қауіп факторлары, инсульттің мүмкін болатын алғашқы симптомдары мен алғашқы көмек көрсету туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, парақшалар мен нұсқаулар таратылды, сондай-ақ қан қысымы өлшенді.
ҚМУ № 59 мектептің директоры Қасымова А.Т. – кафедраның қызметкерлеріне және біздің университетіміздің студенттеріне шын жүректен алғыс білдірді және алғыс хат берді.