«Жасыл фармация (Green Pharmacy)» тақырыбында халықаралық қатысумен өтетін ғылыми-практикалық конференция
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебі ғалымдарды, зерттеушілерді, оқытушыларды, студенттерді, фармацевтикалық индустрия өкілдерін және халықаралық ұйымдарды «Жасыл фармация (Green Pharmacy)» тақырыбындағы халықаралық қатысумен өтетін ғылыми-практикалық конференцияға және мамандандырылған көрмеге қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты: Экологиялық бағдарланған фармацевтиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, дәрілік заттар өндірісіне «жасыл химия» принциптері мен цифрлық технологияларды енгізу үшін халықаралық диалог алаңын құру , сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін ғылыми қауымдастық пен индустрияның күш-жігерін біріктіру.
Аталған іс-шара экологиялық бағытталған фармацевтиканы дамыту, дәрілік заттарды өндірудің тұрақты технологияларын енгізу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін талқылауға арналған алаң болады. Конференция мен көрме аясында ғылыми әзірлемелер, инновациялық фармацевтикалық технологиялар және салаға арналған заманауи шешімдер ұсынылады.
Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға, халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ жасыл химия қағидаттары мен экологиялық тұрақты фармацевтикалық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Экологиялық бағытталған фармацевтика және Green Pharmacy қағидаттары
- Дәрілік заттарды әзірлеу мен өндірудің тұрақты және цифрлық технологиялары
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өсімдік тектес шикізаттың жаңа көздері
- Фармацевтика саласының жаңа буын мамандарын даярлау
Конференцияның өтетін күні мен орны: Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 30 сәуір, сағат 10:00 (гибридті форматта: офлайн және Webex meet платформасы арқылы онлайн)
Өтетін орны: Академиктер залы,
Қатысу түрлері:
- күндізгі (баяндама жасау және мақала/тезис жариялау)
- постерлік баяндама және жариялау
- сырттай (тек мақала/тезис жариялау)
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Қатысу үшін: Конференцияға қатысу үшін тіркеу нысанын келесі сілтеме арқылы толтыру қажет: https://forms.gle/GL76idd413uUD8WXA
Тезистер мен ғылыми мақалалар ұйымдастыру комитетінің техникалық хатшыларына келесі сілтеме арқылы ұсынылады: https://drive.google.com/drive/folders/1eUVIyhAJxjvBUjgAZN-yLlkww-PVnno0?usp=sharing
Қатысушылар санаты:
ғалымдар мен зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер, фармацевтикалық өндіріс өкілдері, биотехнология және медицина саласының мамандары.
Конференцияға қатысуға өтінімдер, сондай-ақ жариялауға арналған мақалалар мен тезистер 2026 жылғы 20 сәуірге дейін
(1, 2, 3, 4 -қосымшаларға сәйкес) қабылданады.
Байланыс үшін:
Тел.: +7 701 135 04 80 – Сержанова Құралай Шерханқызы
+7 778 883 06 66 – Жаймбаева Эльмира Қасымбекқызы



