Профессор М.А. Кутлубаевтың «Стивен Хокинг құпиясы: қозғалтқыш нейрондар неге жойылады?» тақырыбындағы дәрісі
Өтетін күні: 2026 жылғы 22 мамыр
Уақыты: 10:00–13:00
Өтетін орны: Маншүк Мәметова атындағы №1 дәріс залы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті профессор-оқытушылар құрамын, ғылыми қызметкерлерді, тәжірибелік дәрігерлерді, резиденттерді, магистранттарды, докторанттар мен студенттерді заманауи неврология саласындағы жетекші сарапшылардың бірі — Мансур Амирович Кутлубаев,
медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Башқұрт мемлекеттік медицина университеті неврология кафедрасының меңгерушісі, Башқұртстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неврологы, 130-дан астам ғылыми жарияланымның авторының дәрісіне шақырады.
Дәріс қазіргі нейроғылымның ең күрделі әрі кең талқыланатын мәселелерінің бірі — қозғалтқыш нейрондардың жойылу механизмдеріне, нейродегенерацияға және қозғалтқыш нейрон ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне арналады.
Іс-шара аясында ұсынылады:
- Қозғалтқыш нейрон аурулары патогенезі бойынша заманауи әлемдік деректер
- Клиникалық аспектілер және күрделі диагностикалық жағдайлар
- Пациенттерді емдеу мен сүйемелдеудің өзекті халықаралық тәсілдері
- Іргелі және клиникалық зерттеулердің перспективалық бағыттары
- Ашық кәсіби пікірталас және тыңдаушылар сұрақтарына жауаптар
Қосымша түрде: Алдын ала келісім бойынша күрделі клиникалық жағдайларды ұжымдық және жеке талқылау өткізілуі мүмкін.
Кіру тегін.


