«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды – кафедра меңгерішісі лауазымы.
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Толе би көшесі, 94.
Лауазымның атауы: Кафедра меңгерушісі.
1.Физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина кафедрасы – 1 бірлік.
Жалақы: 400 000 тенгеден жоғары.
Кафедра меңгерушісі қызметінің лауазымдық міндеттерінің қысқаша сипаттамасы: Даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлейді. Жұмыс берушілермен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады. Бөлімшені даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша білім беру қызметтері нарығын және еңбек нарығын зерделейді. Мамандарды даярлаудың кафедралық сапа жүйесін әзірлейді, оқу процесінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын анықтай алады, оқытудың барлық нысандары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізуді ұйымдастырады. Қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік және емдеу жұмыстарының және студенттермен тәрбие жұмыстарының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау бойынша бөлімше отырыстарын өткізеді. Бөлімше пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бекітеді, факультет пен университеттің басқа бөлімшелерінің оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындайды, бөлімшенің жұмыс жоспарларын және бөлімше оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Бөлімше қызметкерлерінің арасында педагогикалық жүктеме мен функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды. Оқу сабақтарын өткізу кезінде оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын таңдауды жүзеге асырады және оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізеді, курстық және дипломдық жобаларға, магистранттар мен PhD докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен диссертацияларына жетекшілік етеді. Студенттердің таныстыру, оқу-өндірістік және педагогикалық практикасын, курстық және дипломдық жұмыстарды ұйымдастырады және басқарады. Курстық емтихандар мен сынақтарды, сондай-ақ жекелеген пәндер бойынша студенттердің аралық тестілеуін өткізуді қамтамасыз етеді, олардың нәтижелерін талдайды және олар туралы бөлімше отырыстарында баяндайды. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын және мүмкіндіктің немесе оларды енгізудің нәтижелерін талқылауды ұйымдастырады.
Кафедра меңгерушісі лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- Жоғары білімінің болуы;
- Ғылыми дәрежесінің немесе философия (PhD)/бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесінің болуы;
- 5 жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық өтілінің болуы;
- Клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының болуы (жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, уәкілетті мемлекеттік орган берген белгіленген үлгідегі құжат) және медициналық мекеменің штаттық құрамында болуы;
- Теориялық кафедралар үшін-соңғы бес жылда оқытылатын бейініне сәйкес біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;
- Соңғы бес жылда білім беру/денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (көлемі кемінде 36 сағат);
- Соңғы бес жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (көлемі кемінде 36 сағат);
- Атқаратын лауазымы шеңберінде тілді толыққанды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін кәсіби деңгейде білу;
- TOEFL – 525, IELTS – 5,5, ҰТО – 75 төмен емес деңгейде ағылшын тілін меңгерген немесе шетел ЖОО-ның ағылшын тіліндегі білімі туралы диплом алған дұрыс.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңдары және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістері; оқу жоспарларын құру тәртібі; оқу жұмысына арналған құжаттаманы жүргізу ережесі; педагогика, физиология, психология; кәсіптік оқыту әдістемесі; оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи формалары мен әдістері; экономика негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өрттен қорғау ережелері мен нормалары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде суретпен түйіндеме;
2) жеке куәліктің көшірмесі (паспорт);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік білімінің, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы белгіленген тәртіппен берілген анықтама;
5) алдын-ала медициналық тексеруден өткенін растайтын құжат;
6) наркологиялық ұйымында тіркелмегендігі туралы анықтамасы;
7) жүйке-психиатриялық ұйымында тіркелмегендігі туралы анықтамасы;
8) соңғы жұмыс орнынан ұсыныс (сыртқы кандидаттар үшін);
9) соңғы бес жылдағы қызметтің нәтижелері (жеке жетістіктері) (растайтын құжаттар қосымша тіркеледі).
10) бес жылға арналған кафедраның даму бағдарламасын және өзінің жеке даму жоспарын таныстыру (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би к-сі, 94, 1 ғимарат, 104 кабинет, Персоналды дамыту басқармасы немесе [email protected], [email protected] электрондық пошта арқылы. Анықтама үшін телефон: 3387080 ішкі. 7080, 7023.