ҚазҰМУ-да профессор Асқар Чукмаитовтың дәрісі өтеді
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы магистранттарды, докторанттарды және профессор-оқытушылар құрамын шақырылған профессор – Аскар Серикович Чукмаитов қатысуымен өтетін ғылыми-білім беру іс-шаралар сериясына қатысуға шақырады.
Аскар Серикович Чукмаитов — Virginia Commonwealth University Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің денсаулық сақтау саясаты кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Ричмонд, Вирджиния штаты, АҚШ), VCU – Bolashak International Scholarship Program бағдарламасының директоры.
Іс-шаралар бағдарламасына денсаулық сақтау жүйелерінің саясаты мен ұйымдастырылуының өзекті мәселелеріне арналған дәрістер, тәжірибелік семинарлар және ғылыми-пікірталас алаңдары кіреді. Заманауи халықаралық денсаулық сақтауды басқару тәсілдеріне, денсаулық сақтау жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін дамытуға ерекше назар аударылады.
Өтетін күні мен уақыты:
2026 жылғы 19 мамыр, сағат 10:00–12:00;
2026 жылғы 20 мамыр, сағат 12:00–14:00.
Өтетін орны:
Т.Шарманов атындағы Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залы
Алматы қ., Клочков көшесі, 66.



