Әскери кафедраға студенттерді іріктеу
Әскери кафедра 2026 жылғы 1–20 қыркүйек аралығында запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға студенттер қабылдайды.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша білім алуға жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттары бөлінеді.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша ақылы негізде оқуға болады. Бір жылдық оқу ақысы 138 900 (жүз отыз сегіз мың тоғыз жүз) теңгені құрайды.
Қосымша ақпаратты Интро III ғимаратындағы № 128 және № 141 кабинеттерден алуға болады.


