Көп таңдауы бар тест сұрақтарын әзірлеу әдістемесі. Ситуациялық тапсырмаларды әзірлеу
Университет базасында 2026 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында 60 штаттық оқытушыға арналған «Көп таңдауы бар тест сұрақтарын әзірлеу әдістемесі. Ситуациялық тапсырмаларды әзірлеу (жоғары деңгейлі курс)» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.
Курстың мақсаты – «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлық деңгейін бағалауға арналған тесттер мен емтихан материалдарын әзірлейтін тестология мамандарын даярлау.
Тыңдаушылар қорытынды емтихандарды өткізу үшін F және G типті тест тапсырмаларын қолдана отырып тесттер құрастырады, сондай-ақ клиникалық кейстерді талдау (ситуациялық тапсырмаларды шешу) жұмыстарын орындайды.
Біліктілікті арттыру курсын Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының емтихан материалдарын әзірлеу және валидациялау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Досмамбетова Күлсара Қоралбайқызы жүргізеді.
Практикалық тапсырмаларды орындаған тыңдаушыларға ҰТЕО сертификаттары беріледі.











