Медицина студенттері өнер әлемінде: Әбілхан Қастеев мұрасы және өнер мен тарих үндестігі
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Камал Саруарұлы Ормантаев атындағы Педиатрия мектебі мен Халел Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейіне барды.
Экскурсия барысында студенттер Әбілхан Қастеевтің шығармашылығымен танысып, қазақстандық және әлемдік өнер туындыларын тамашалады. Олар еліміздің мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырып, өнердің тарихпен және қоғам өмірімен байланысын тереңірек түсінді.
Музейге бару студенттерге ерекше әсер қалдырды. Олар экспонаттарды қызығушылықпен қарап, өз ойларымен бөлісті және көптеген жағымды эмоция алды. Өнермен танысу студенттерді өзін-өзі дамытуға және Қазақстан мәдениетін тереңірек зерттеуге ынталандырды.
Мұндай іс-шаралар болашақ медицина мамандарының ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық мәдени мұраға деген құрметін арттырады.












