Профессор-оқытушылар құрамына арналған біліктілікті арттыру курстары
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы 2026 жылғы 15–26 маусым аралығында офлайн/онлайн форматта «Медициналық білім беруде жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбындағы педагогикалық біліктілікті арттыру курсынан өтті.
72 академиялық сағат көлеміндегі курсты Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы (ҰДСДҒО) ұйымдастырды.
Дәріскер – «ҚМУ» КеАҚ Халықаралық медицина факультетінің деканы Сәрсенбаев Қасым Қуандықұлы.
Курстың мақсаты – медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларының медициналық білім беру сапасын арттыру, білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету және цифрлық трансформация жағдайында негізделген педагогикалық әрі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы құзыреттерін дамыту.
Оқытуға Жалпы медицина мектебі–1, Жалпы медицина мектебі–2 және Педиатрия мектебінен барлығы 50 оқытушы қатысты.
Тыңдаушылар сабақтарға белсенді қатысып, жасанды интеллекттің заманауи құралдарымен танысты, сондай-ақ білім беру процесіне арналған өздерінің практикалық шешімдерін әзірледі.
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға Салидат Қайырбекова атындағы ҰДСДҒО-ның сертификаттары табысталады.
2026 жылғы қыркүйек–қазан айларында «Медициналық білім беруде жасанды интеллектті пайдалану» курсы бойынша оқыту жалғасады. Курсқа Педиатрия, Стоматология, Фармация мектептерінің, Халықаралық факультеттің және Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің 50 оқытушысы қатысады.











