Салауатты өмір үшін салауатты ойлау!
2024 жылдың 09 ақпан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Сoncordia» театрында «Салауатты өмір үшін салауатты ойлау» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің экс-Төрағасы Шпекбаев А.Ж., Халықаралық зияткерлік даму институтының д-ры Джон Дже Гын арнайы қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаттары студенттерге салауатты өмір үшін салауатты ойлау керек екендігін түсіндіру, елге деген, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды.
Іс-шара барысында рухты көтеретін ұлттық аспаппен күй орындалып, «Атамекен» әніміз шырқалды, сонымен қатар Халықаралық зияткерлік даму институтының д-ры Джон Дже Гынның « IMEI : Оңтүстік Кореаның экономикалық даму көрсеткіші» жөнінде дәрісі оқылды.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Тәрбие бөлімі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастырған іс-шарасына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің экс-Төрағасы Шпекбаев А.Ж., Халықаралық зияткерлік даму институтының д-ры Джон Дже Гын және университет басшылығы мен студенттер қатысты.