«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті » коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды.
Лауазымның атауы: Басқарма төрағасы Описание-должности-АО-КазНИИОР
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Абая даңғылы, 91.
Есептілігі: Директорлар кеңесіне
Ұйымның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- эксперименттік, клиникалық және статистикалық зерттеулер жүргізе отырып, онкология, сәулелік диагностика және сәулелік терапия, ядролық медицина саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар. ҚОРҒЗИ денсаулық сақтау саласында білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылады;
- стационарды алмастыратын технологияларды және заманауи медициналық технологияларды пайдаланып, ядролық медицинаның тиімді нәтижелі-инновациялық әдістерін қолдана отырып, жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық қызметтер көрсету
- емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру мәселелері, онкология, сәулелік диагностика және сәулелік терапия, ядролық медицинаның салаларында жаңа технологияларды енгізу бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету
- онкологиялық қызметті дамыту бойынша стратегия мен нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге қатысу
- республиканың онкологиялық қызметінің жұмысын үйлестіру
- диагностика, емдеу, профилактиканың қолданыстағыларын жетілдіру және жаңа әдістерін әзірлеу
- Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша скринингтік бағдарламаларды әзірлеу, енгізу, мониторингтеу
- емдеу-алдын алу ұйымдарының жұмыс практикасына онкологиялық науқастардың алдын алудың, ерте анықтау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізуді бақылау
- Республика аумағында онкологиялық науқастарды (ересектер мен балаларды) онкологиялық аурулар алдындағы ауруларды анықтауды, есепке алуды және диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және бақылау
- өңірлерде халықтың қатерлі ісіктермен сырқаттанушылығына және олардан болатын өлім-жітімге, онкологиялық науқастардың ұзақтығына және оларды емдеуге жатқызу мерзімдеріне талдау жүргізу
- онкологиялық аурулардың асқынған жағдайларын, онкологиялық науқастардың еңбекке уақытша қабілеттілігін жоғалту, мүгедектікке шығу жағдайларын талдау
- онкологиялық қызметті дамытудың жыл сайынғы және перспективалық жоспарларын әзірлеу, онкологиялық аурулардың профилактикасы, санитариялық-ағарту жұмысы жөніндегі іс-шараларды жоспарлау
- онкологиялық ауруларды анықтауға халықтың нысаналы топтарына скрининг жүргізу үшін мамандар даярлау;
- резидентурада, магистратурада, докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
- онкология, радиология, ядролық медицина, денсаулық сақтау менеджменті, білім және ғылым мәселелері бойынша ұйымдармен өзара іс-қимыл, ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық;
- бірлестіктердің, қауымдастықтардың, одақтардың және басқа да қоғамдық құрылымдардың жұмысына қатысу.
- АҚ Жарғысына сәйкес қызметтің басқа да түрлері.
Құжаттарды бұрын жемқорлық құқық бұзушылық әрекеті үшін жауаптылыққа тартылмаған және келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық ниет білдірген азаматтар, сонымен бірге шетелдік азаматтар да тапсыра алады:
Білім:
Медицина саласындағы жоғары білімінің болуы, сонымен бірге экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/PhD докторы дәрежесінің болуы
немесе
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
Жұмыс тәжірибесі:
Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы, соның ішінде:
- Қызмет аумағын және күрделілігін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты ғылыми орталығымен салыстыруға болатын медициналық ұйымның (клиниканың) бірінші басшы қызметіндегі 3 жылдан кем болмайтын тәжірибесі;
- Қызмет аумағын және күрделілігін аталған ұйыммен салыстыруға болатын компанияның Директорлар кеңесінің не/немесе Қадағалау кеңесінің төрағасы/мүшесі ретіндегі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компания қызметінде ауқымды қайта құруларды жүзеге асырудағы нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласында нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компанияда озық технологияларды енгізу тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Пациентке бағытталған мәдениетті енгізу тәжірибесі.
Біліктілік, дағдылар:
- Стратегияны айқындау, бірнеше қызмет пен процесті жоспарлау және интеграциялау деңгейіндегі басқарушылық дағдылардың болуы;
- Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, клиникалық базаны ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы үздік тәжірибелер мен технологияларды меңгеру;
- Қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы біліктілік, бизнестің шұғыл және ұйымдық үлгілерін меңгеру;
- Ғаламдық салалық трендтерді білу, Қазақстан Республикасының және аталған ұйымның серіктес елдерінің нарық жағдайларын меңгеру;
- Жұмыс барысында басқа компаниялар мен бизнестің басқа салаларының озық тәжірибелерін пайдалана білу;
- Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді іске бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары (басшылармен және еңбек ұжымымен байланыс);
- Жергілікті және халықаралық деңгейде жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау желілерімен кең байланыс орнату (мүмкіндігінше)
- Ағылшын тілін еркін меңгеру.
Құзіреттіліктер:
- Күрделі мәселелерді шешу;
- Команда құру және дамыту;
- Кәсіби мамандарды іздеу және тарту;
- Өзара тиімді серіктестік құру;
- Өзгерістерді басқару;
- Көшбасшылық.
Үміткерлер келесі құжаттарды электронды және қағазға басылған түрде тапсырулары тиіс:
- Іріктеуге қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын ттілдеріндегі түйіндеме фотосуретпен;
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімі және кәсіби даярлығы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
- Жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі;
- Белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
- Соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижесі (жеке жетістігі);
- Акционерлік қоғамды алдағы 5 жылда дамыту болашағы туралы жоспары .
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 227 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387600 (вн 7197)
Сұхбат жүргізу уақыты мен орны:. Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 3 қабат
Ескерту. Бастапқы скринингтен (алдын-ала таңдаудан) өткен үміткерлер «ҚазҰМУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі бекіткен Комиссиямен сұхбаттасудан өтеді.