Ғылымға құштар жастардың додасы: халықаралық микробиология олимпиадасының қорытындысы
2026 жылғы 17 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қабырғасында 1–3 курс студенттері арасында «Микробиология, вирусология, паразитология» секциясы бойынша жыл сайынғы Халықаралық пәндік олимпиада өтті.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (№3 және №4) басым бағыттарына сәйкес ұйымдастырылып, студенттердің медициналық білімін, кәсіби дағдыларын және академиялық дайындығын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, олимпиада тақырыбы халық денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға үлес қосатын білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Аталған шара өз білімін ғана емес, сондай-ақ креативті ойлау қабілетін көрсетуге дайын дарынды әрі талапты болашақ дәрігерлерді біріктірді.
Олимпиада офлайн форматта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтіп, командалар төрт кезең бойынша бақ сынасты.
Қатысушы командалар:
-қазақ тілді команда:
- «Micro Warriors» – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
- «LACTOBIOTOP» – Қарағанды медицина университеті
- «MicroTeam» – Семей медицина университеті
- «VetBioSafe» – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-орыс тілді команда:
- «MicroTRIX» – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
- «Microcosmi Explorates» – Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты
- «Споровики» – Семей медицина университеті
- «Microbiom Squad» – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-ағылшын тілді қоманда:
- «Cognitovirus» – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
- «QUASAR» – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- «Mind Colony» – Семей медицина университеті
Олимпиаданың кезеңдері:
1-кезең: «Визит карточкасы» (мем-конкурс)
Қатысушылар анимациялық инфографикамен толықтырылған ерекше видеожобаларын ұсынып, ғылыми әзіл, өзекті тақырыптар мен креативті көзқарастарын көрсетті.
2-кезең: «Лаборант vs Микроб»
Бұл кезеңде командаларға микроорганизмдердің әртүрлі түрлері мен диагностика әдістері көрсетілген бейнематериалдар мен суреттер ұсынылды. Қатысушылар диагностикалық әдістерді түсіну және нәтижелерді талдау қабілеттерін көрсетті.
3-кезең: «Не? Қайда? Қашан?»
Бұл кезеңнің ерекшелігі – университет басшылығының сұрақтары болды. Ректор мен проректорлар өз мамандықтары және оның микробиологиямен байланысты туралы сұрақтар қойды.
4-кезең: «60 минут ішінде диагноз қою»
Қатысушылар клиникалық жағдайды шешіп, тәжірибелік диагностика дағдыларын көрсетті.
Әр кезең сарапшылар алқасы тарапынан мобильді құрылғылар (планшеттер) арқылы нақты уақыт режимінде бағаланып, тіркелді.
Жалпы қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдар мен кубоктармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
-қазақ тілді команда:
🥇 І орын
«Micro Warriors» – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
🥈 ІІ орын
«VetBioSafe» – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
«LACTOBIOTOP» – Қарағанды медицина университеті
🥉 ІІІ орын
«MicroTeam» – Семей медицина университеті
–орыс тілді команда:
🥇 І орын
«Microbiom Squad» – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
🥈 ІІ орын
«MicroTRIX» – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
«Microcosmi Explorates» – Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты
🥉 ІІІ орын
«Споровики» – Семей медицина университеті
-ағылшын тілді команда
🥇 І орын
«Cognitovirus» – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
🥈 ІІ орын
«QUASAR» – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
🥉 ІІІ орын
«Mind Colony» – Семей медицина университеті
Олимпиада жоғары ғылыми қызығушылық пен салауатты бәсекелестік атмосферасында өтті. Осындай іс-шаралар арқылы болашақта денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеретін, кәсіби әрі ғылыми ойлайтын дәрігерлер буыны қалыптасады.






















