ҚазҰМУ-да диабет пен диабеталды жағдайды анықтауға арналған скрининг өтеді
Құрметті С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлері!
2026 жылдың 10 қарашасында сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін Ректораттың 2 қабатында Даңқ Залының холлында қандағы глюкозаны өлшеу арқылы диабет және диабет алды жағдайларын анықтауға скрининг өткізіледі.
Скринингтен барлық жасы 35 асқан және кез келген жастағы артық салмағы немесе семіздігі бар қызметкерлер өте алады.
Глюкозаны анықтауға саусақтан қан аш қарынға немесе тамақ ішкен соң 2 сағаттан кейін алынады.
Сондай-ақ, ақысыз артериалдық қан қысымын, салмақты өлшетіп, дене салмағының индексін, висцералды май үлесін анықтап, бір арналы электрокардиограмма түсіру мүмкіндігі бар.


