ҚазҰМУ-ға Гонконгтан визитинг-профессор Мұхит Құлмағанбетов келді
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасына 2026 жылғы 12–23 мамыр аралығында визитинг-профессор ретінде Гонконгтан офтальмолог дәрігер, көру қабілеті туралы ғылымдары саласындағы PhD докторы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегі Құлмағанбетов Мұхит Асқарұлы келді
Мұхит Асқарұлы – клиникалық офтальмология, ғылыми зерттеулер және медициналық кәсіпкерлік саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар көпсалалы медицина маманы. 40-тан астам рецензияланатын ғылыми жарияланымдардың авторы, «Шапағат» мемлекеттік құрметтің иегері, патент иесі. Гонконгта жасанды интеллект пен көрудің кванттық технологиялары саласында екі MedTech компаниясының негізін қалаушы.
Құлмағанбетов Мұхит Асқарұлы келесі дәрістерді оқуды жоспарлайды:
- 2026 жылғы 14 мамыр сағат 15:00-де – резиденттерге арналған дәріс, №7 аудитория, 7-оқу корпусы;
- 2026 жылғы 18 мамыр сағат 14:00-де – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникасының офтальмология бөлімшесінде (Шевченко көшесі, 126);
- 2026 жылғы 19 мамырда – ШОМ-1 кафедраларының докторанттарына, магистранттарына және профессор-оқытушылар құрамына арналған дәріс, №7 аудитория, 7-оқу корпусы.
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымы барлық ниет білдірушілерді шақырады.


