Қымбатты талапкерлер!
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда. Қор «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне» КЕАҚ 2024-2025 оқу жылына жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді оқыту үшін 25 грант бөлді.
Конкурсқа келесі санаттағы талапкерлер қатыса алады:
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар тұлғалар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Екінші жоғары білім алушыларға грант алуға жол берілмейді.
Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен «бакалавр» дәрежесін бере отырып, жоғары білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру гранты берілген адамның грант алуына жол берілмейді.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 17 тамыз сағат 18.00-ге дейін.
Барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 727 338 70 27, +7 707 634 64 88.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қымбатты-талапкерлер/, traffici5b


