2–6 курс студенттерін жатақханаға орналастыру тәртібі
Құрметті студенттер!
2026 жылғы 28 тамыздан бастап 2-6 курс студенттерін жатақханаға орналастыру басталатынын хабарлаймыз.
Жатақханаға орналасу кезінде төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Қышыма (чесотка) және педикулез ауруларының жоқтығы туралы анықтама;
2. Флюорографиядан өткені туралы қорытынды (немесе флюорография суреті);
3. Жеке куәліктің көшірмесі;
4. 3×4 см көлеміндегі фотосурет – 2 дана;
5. Жатақханада тұру ақысына төлем жасауға дайын болу;
6. Шартқа қол қою үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) (ЭЦП) кілті;
7. Жолдама


