Университетіміздің ардагерлеріне көмек көрсету бойынша «Мейірім» волонтерлық жобасы өз жалғасын тапты.
Университетіміздің ардагерлеріне көмек көрсету бойынша
«Мейірім» волонтерлық жобасы өз жалғасын тапты.
2015 жылдың 17 наурызында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің жетекшілігімен, ҚазҰМУ ардагерлер Кеңесімен бірлесе (төрағасы Жумакова Турсын Абдыкашевна) және «Мейірімді жүрек» студенттік ұйымының ұйымдастыруымен Университетіміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері және еңбек ардагерлеріне көмек көрсету бойынша «Мейірім» волонтерлық жобасы өз жалғасын тапты.
Волонтерлер ардагерлерге үй шаруасындағы жұмыстары бойынша көмектесті және ардагерлермен тілдесіп, әңгімелесе рухани қолдау көрсетті.
Университетіміздің ардагерлері қуана студенттермен тілдесіп, ақыл-кеңестерін айтып, волентерлерге өз алғыстарын білдірді.